Жаңалықтар

Шексіз мүмкіндік

2018 жылы Қарағанды облысында «SURDO online» технологиясын енгізу жоспарлануда. Есту қабілеті нашар адамдарға көмек үшін вокзалдар, мектептер мен басқа да қоғамдық орындарда арнайы құрылғылар болады. Бұл туралы облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим Галиуллин мәлімдеді.

– Ол бейнебақылау  тұратын құрылғы болады, – деді ол. Құрылғы есту қабілеті нашар адамдардың ым-ишара мен ерін қозғалысын есте сақтап, кейін оны ауызша түрде қайталайды. Бұл, мысалы, вокзалда билет сатып алуға көмектеседі.

Жалпы алғанда, бұл технологияны қолдану онлайн түрдегі бейнеконференция тәрізді болмақ.

Аталмыш құрылғы орнатылатын ұйымдар мен мекемелердің толық тізімі кейінірек белгілі болады.

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button