Шахтерлер шаһары – бірлік-береке мекені

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің есебі

Құрметті қарағандылықтар!

    Республика бойынша барлық атқарушы органдардың жұмысы сияқты қаламыздың атқарушы органдарының қызметі 2017 жылы «Қазақстан – 2050» Стратегиясын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, атап айтқанда,  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыруға бағытталды. «100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары аясында қоғам мен мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қабылданды.

Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізу әлемдік қауымдастықта еліміздің лайықты ұстанымы бар екенін көрсетті. Бұл – Мемлекет басшысының саяси еркі мен зор еңбегінің нәтижесі.

Сонымен қатар, өткен жылы біз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын, Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өттік.

Қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бастау алды. Бағдарлама саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, оның түп өзегі ретінде көлемді қайта құру шараларын көздейді.

Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру, түрлі халықаралық және мерейтойлық шараларды өткізу аясында облысымыздың индустриялық-инновациялық және мәдени орталығы ретінде Қарағанды қаласы өз үлесін қосуда.

Әлеуметтік бағдарланған экономикаға және қала тұрғындарының экономикалық әл-ауқатына әрқашан басты назар аударылады.

Қазір қала аумағында 501,3 мыңнан астам адам тұрады. Бұл – облыс халқының 36,3%-ы.

Қала бюджетінің жеке кірісі 2016 жылмен салыстырғанда 17,2% артты. Ол бірінші кезекте әлеуметтік саланы жаңғыртуға және қала тіршілігін сапалы қамтамасыз етуге бағытталды.

Ұзақ мерзімді нақты әлеуметтік басымдықтарды құрастырып, халықты әлеуметтік қолдау және өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Күнкөріс минимумы 10,5% жоғарылады.

 

Өнеркәсіп

2017 жылы қала экономикасының нақты секторы қарқынды дамыды. Онда қызметкерлер саны 40 мың адамды құрайтын 1289 кәсіпорын қызмет атқаруда.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2016 жылға қарағанда 2,2% өсіммен 331,4 млрд. теңгені құрады.

Тау-кен өндірісі саласында «Гефест» КТ кәсіпорындары және Костенко атындағы шахта бойынша көмір өндіру көлемін арттыру есебінен 2016 жылға 35,3% өсім қамтамасыз етілді.

Өңдеуші салада оң қарқын байқалады: жеңіл өнеркәсіп – 8,9%, металлургия – 14,7%, машина жасау –  12%, химия – 1,1%.

Оң динамикаға келесі кәсіпорындар есебінен қол жеткізілді: «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС – 158,2%; «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС – 106,8%; «Эфес Қазақстан» ШК» АҚ – 105,1%; «Фармация 2010» ЖШС – 154,7%; «Карагандастройконструкция» ЖШС – 156,2%; «Эгофом» ЖШС – 158,5% және тағы басқалары.

Ағымдағы жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемін 2017 жылға қарағанда 2,5% өсіммен 339,7 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

Өнеркәсіптің оң қарқынын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарды Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру есебінен мемлекеттік қолдау шараларымен қамту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

Қалада индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыра бастағаннан бері 82 млрд. теңге сомасына қаржы салынып, 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, қазіргі таңда өндіріс көлемі 61,8 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 125,6% құрайды.

Азық-түлік өнеркәсібі бойынша жаңа өндірістердің іске қосылғаны өз ықпалын тигізді:

– «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС – 7,6 мың тонна нан-тоқаш өнімдерін шығарады;

– «Қарағанды Нан корпорациясы» ЖШС жаңа желісінде 6,5 мың тонна макарон өнімдері шығарылады. Ол 2016 жылдың көрсеткішінен 5 есе артық.

2018 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында 300-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құрумен сомасы 14,8 млрд. теңге болатын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:

– 13,2 млрд. теңге сомасына «Мэйкер» ЖШС жаңғырту шараларын аяқтау;

– 1,6 млрд. теңге сомасына «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС целлюлоза өндірісі және макулатураны қайта өңдеу бойынша өндірісті іске қосу.

Сонымен қатар, Картадан тыс 176 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,5 млрд. теңге сомасына 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда:

– 450 млн. теңге сомасына «Қарағанды Нан корпорациясы» ЖШС  макарон өнімдерін шығару бойынша 2 желіні іске қосу;

– 285 млн.теңге сомасына «Фармация 2010» ЖШС өндірісті жаңғыртуды аяқтау және GMP сәйкес келтіру;

– 13,8 млрд. теңге сомасына «Forever Flourishing» ЖШС болат балқыту өндірісін іске қосу («Вторпром» ЖШС тоқтап тұрған өндірісін қалпына келтіру).

Мемлекеттік қолдау құралдарын қолданумен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі артты, ол 2017 жылдың қорытындысы бойынша 105,6 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың деңгейіне қарағанда 114,6% құрады.

Инвестициялардың жалпы көлемінің 76%-ы шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаттарына тиесілі.

Инвестициялардың басым бөлігі өнеркәсіпте игерілді, ол бағалық көрсеткіште 37,1 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 35,0%-ын құрайды.

Ағымдағы жылға арналған инвестициялардың болжамды көлемі 110 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда өсіммен 104,1% құрады. Қазіргі таңда өнеркәсіптік кәсіпорындар және бизнес объектілерінің қимасындағы жоспар бар.

Ағымдағы жылы «YDD Corporation» ЖШС 10 млрд. теңгеден астам инвестиция көле­мімен ферросилиция өндіру бойынша зауыт құрылысы стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Аталған кәсіпорынды іске қосу 300 жұмыс орнын құруға және экспортқа бағдарланған өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Альфарух» ЖШС жылына қуаты 350 мың тоннадан астам көтерме-үлестіру логистикалық орталық құрылысы маңызды жобалардың бірі болады.

Осы объект Орталық-Шығыс макроөңірдің азық-түліктік аумағы болады.

 

Шағын және

орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін қала кәсіпорындарын «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау бойынша бірыңғай бағдарлама құралдарымен қамту жұмысы жалғастырылды.

Жалпы бағдарлама жүзеге асырыла бастаған уақыттан бастап  қалада жалпы сомасы 96 млрд. теңге болатын 576 жобаға қолдау көрсетілді, 6,6 мыңнан артық жұмыс орындары құрылып, бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдер көлемі өсті. Соның ішінде, 2017 жылы осы бағдарлама аясында 1380 жаңа жұмыс орнын құрумен 22,8 млрд. теңге сомасына 101 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жеке іс (бизнес) ашу үшін несие қаражаттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 18 млн. теңгеге дейін жылына 6 пайыз жеңілдікпен шағын несиелер беру жұмыстары басталды.

Өткен жылы Қарағанды қаласында 21 кәсіпкерге екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 262 млн. теңгеге шағын несиелер берді.

Кәсіпкерлік саласындағы қолайлы климаттың нәтижесі сауда және қызмет көрсету саласында жаңа объектілердің құрылуы болып табылады.

Қалада шамамен 4,7 млрд. теңге инвестиция салынып, 646 жаңа жұмыс орнын құрумен 17 ШОБ объектісі ашылды.

Соның ішінде, «Piano», «Ақ Сарай», «Диадема», «Bourbon» мейрамханалары, «Реал», «Магнум» және «Оптима» супермаркеттері, «Senator» қонақүй кешені, «Сарыарқа-Нан» ЖШС павильондары, «Грей Плаза» және «Орхидея» бизнес орталықтары, «Auto Good» автосалоны, «Bolid-SW» 2 жедел қызмет көрсететін көлік жуу орны, «Таир» СҮ жаңа 4 залы бар «Сарыарқа Синема» кинотеатры және «Сарыарқа Синема Майқұдық» кинотеатры (бұрынғы Ботакөз).

Шағын және орта бизнестің қала экономикасына белсенді түрде қатысуы негізгі көрсеткіштерде оң әсермен көрініс тапты.

Атап айтқанда, ШОБ өнімдерінің өндіріс көлемі 502,9 млрд. теңге немесе 2016 жылмен салыстырғанда 103,5%-ды құрады, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны – 123,5 мың адам немесе 101,8%, ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 38,5 мың бірлік немесе 100,3%.

Қарағанды қаласы бойынша бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 614 млрд.теңге немесе 2016 жылмен салыстырғанда 115,2%-ды құрады.

Қазіргі таңда қала экономикасындағы ШОБ үлесі 51% жоғары, ал салық түсімдерінде – 48% артық.

Ағымдағы жылы ШОБ дамуының қарқыны сақталады.

2018 жылы сауда және қызмет көрсету саласында 654 жаңа жұмыс орнын құрумен 14,7 млрд. теңге сомасына 15 жаңа объектінің ашылуы жоспарлануда.

 

Ауыл шаруашылығы

2017 жылы ауыл шаруашылығы көрсеткіштері өсуінің оң қарқыны сақталды:

– жалпы өнім көлемі 8,6 млрд. теңге немесе 2016 жылмен салыстырғанда 115%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының көлемі -7,5 млрд. теңге, мал шаруашылығының көлемі – 1,1 млрд. теңгені құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда таза салмақта мал және құс шаруашылығы өндірісінің көлемі 16,1%, жұмыртқа – 7,3% артты.

Облыстың ауыл шаруашылық өндіру­шілерін қолдау мақсатында қалада 2017 жылы 43 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, онда 1,4 млрд. теңге сомасына өнім сатылды, соның ішінде жергілікті тауар өндірушілерінің өнімі 444 млн. теңгеге сатылды.

 

Халықты жұмыспен қамту.

Еңбек нарығы

Президенттің Жолдауына сәйкес әлеуметтік саясат қағидаларының бірі – еңбекке қабілетті халықты елдің және қаланың  экономикасына қатыстыру болып табылады.

Өткен жылдан бастап қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» белсенді түрде жүзеге асырыла бастады.

Бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан бері 17 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде:

– бірінші бағыт аясында еңбек нарығында талап етілген мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2172 адам жолданды;

– үшінші бағыт аясында тұрақты жұмыс орындарына – 14441 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 266 адам, қоғамдық жұмыстарға – 627 адам, жастар тәжірибесіне – 329 адам жұмысқа орналастырылды.

2017 жылы қала кәсіпорындары мен ұйымдарында 4800 жаңа жұмыс орны, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 2543 орын құрылды.

Сонымен бірге, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тұрақты жұмыспен қамтуға қатыстыру жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Нәтижесінде 8 мыңнан астам адам анықталды, оның ішінде 1013 адамға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетілді.

Ізденушілер және жұмыс берушілермен тікелей байланысты орнату мақсатында бос жұмыс орындары және лауазымдар жәрмеңкесі дәстүрлі түрде өткізіледі.

Есепті жылы бос жұмыс орындарының және лауазымдардың 4 жәрмеңкесі өткізілді. Оған 331 жұмыс беруші, 3013 ізденуші қатысып, 569 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Халықты

әлеуметтік қорғау

Мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі – халықтың материалдық әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады. Оның маңызды әрі ажырамайтын құрамы ретіндегі халықты әлеуметтік қорғау мәселелері ішкі саясаттың негізгі басымдықтарына жатады.

Қаланың барлық мұқтаж азаматтары – ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедек балалар, үйде оқытылатын және т.б. азаматтар әлеуметтік қолдаумен қамтылды.

Жалпы 2017 жылы қаланың 100 325 азаматына 2,4 млрд. теңге сомасына төлемдер жүргізіліп, әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетілді, көмек алушылар саны орта есеппен 23%-ға көбейді.

194 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады. 484 отбасына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, 2419 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді, 663 адам 1 АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек алады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басты назар аударылады.

Оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес үйде оқыту, жеке көмекшінің қызметтері мен ымдау тілі мамандарының шығындары өтеледі. Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етіліп, оларды арнайы автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Осы мақсаттарға 1,1 млрд.теңге бюджеттік қаржы жұмсалды.

Сонымен қатар, 2017 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға, Ауғанстан соғысына қатысушыларға және Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқан адамдарға төлем жүргізу жұмыстары жалғастырылды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында 6164 ардагерге біржолғы материалдық көмек көрсетілді, соғысқа қатысушылар мен мүгедектері санатынан 94 адамға тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары өтелді.

Сонымен қатар, 41 149 азаматқа қалалық қоғамдық көліктерде жол жүруге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Қалада жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған 24 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады, онда 2 мың адамға қызмет көрсетіледі.

Тұрғылықты мекен-жайы белгісіз адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы қызмет атқарады. Есептік кезеңде орталыққа 239 адам орналастырылды, 179 адамның тұрмысы түзетіліп, 59 адамның құжаттары қалпына келтірілді, өтініш білдірген 13 адамға зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеуге көмек көрсетілді.

Көмектің атаулы сипатын күшейту арқылы мұқтаж тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде, «Өрлеу» жобасының аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қолданылды. Жобаны жүзеге асыра бастаған уақыттан бастап құрамы 126 адамнан тұратын 29 отбасы қатысушы болды. Олар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылды. Осы шаралар жобаға қатысушылардың табысын шамамен 3 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау шаралары сақталған және осы мақсаттарға арналған бюджет көлемі 3,1 млрд. теңгені құрады.

 

Білім беру

Білім саласындағы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қалада мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім ұйымдарының дамыған желісі, оның ішінде 131 мемлекеттік және 50 жекеменшік білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

2017 жылы мектепке дейінгі ұйымдар же­лісі айтарлықтай ұлғайды, жаңадан 19 жекеменшік балабақша ашылды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша мектепке дейінгі білім беру саласына жеке инвестициялар тартылады.

2017 жылғы 1 маусымнан бастап жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі қайта қаралған, ол мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тәрбиелену төлемін теңестіруге және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік тап­сырыс бойынша жекеменшік балабақшаларда 2459 жаңа орын пайда болып,  3 жас пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдардағы кезегін қысқартуға мүмкіндік жасалды.

Ағымдағы жылы 6 жекеменшік балабақшада 1000-нан аса орын құру көзделіп, 23 ша­ғын аудандағы мемлекеттік балабақшаны қайта құру жоспарлануда.

Осы жұмыстардың барлығы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен 100% қамтамасыз етуге бағытталған.

Орта білім беру саласында көші-қон процестері мен қаланың аумақтық дамуын ескере отырып, соңғы уақытта қаланың кейбір мектептерінде, әсіресе Оңтүстік-Шығыс аумақтағы мектептердің жүктемесі көбейгенін байқауға болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы «Кеңдала» шағын ауданында 1800 оқушыны қамтитын жаңа мектеп ашылып,   жақын маңдағы №101, 23 мектептердегі жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді.

Осындай жоба бойынша Бауыржан Момышұлы шағынауданында  және Оңтүс­тік-­Шығыстағы 30 шағынауданда екі объект құрылысы салынуда, сондай-ақ Майқұдықта 600 орынға арналған мектепті жобалау жұмыстары басталды.

Ағымдағы оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытылуда. Бұл сыныптар үшін барлық оқушыларға оқулықтар және жұмыс дәптерлері сатып алынған.

Сонымен қатар, алғаш рет барлық сынып оқушыларын оқулықтармен толық қамту мәселесі шешілді, осы шараларға 800 млн.теңге жұмсалған.

Бүгінгі таңда мектептердің компьютерлік паркі 10 мыңнан астам машинаны құрайды, 1 компьютерге 6 оқушыдан келеді. 2017 жылы 1086 компьютер және 462 ноутбук сатып алынды.

2018 жылы 1059 компьютер және жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын сыныптар үшін 312 проектор-компьютер жинағын сатып алу жоспарлануда.

Қаланың білім беру ұйымдарында химия, физика, биология пәндері бойынша 243 кабинет жаңа модификациядағы интерактивті құрылғылармен жабдықталған (жабдықталу 77%).  Барлық мектептердің интернет жүйесіне қолжетімділігі бар.

Қарағанды қаласының 23 мектебінде робототехника зертханалары бар, 16 – өткен жылы сатып алынған.

Жасалып жатқан жағдайлар білім беру сапасын 54% жоғарылатуға әсерін тигізді (өсім 1,8 %). Өткен жылдың түлектері қорытынды аттестаттауды және ҰБТ жаңа нысанда тапсырды, қала бойынша орташа балл – 76,6.

43 түлек «Алтын белгі» аттестатын, 56 түлек үздік аттестат алды. Қала оқушылары түрлі олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға белсенді қатысады.

2017 жылы 58 оқушы облыстық пәндік олим­пиадаларда, 8 оқушы республикалық және 15 оқушы халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жеңіске жетті.

Қала бюджетінің есебінен әлеуметтік қолдау аясында мектептерде 2 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, 1705  бала жазғы уақытта қала сыртындағы «Салют» лагерінде демалды.

2017 жылғы қазанда 168 оқушы «Discovery-Borovoe» сауықтыру-көңіл көтеру орталығында демалды.

Сонымен бірге білім беру ұйымдарында қолайлы жағдай жасау мақсатында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2017 жылы 29 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден өткен және 34 білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен Грант туралы келісімге сәйкес қаланың 5 мектебіне (№№17, 23, 66, 82 ОМ, №101 мектеп-лицей) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан шаралар ағымдағы жылы да жалғастырылатын болады. Мысалы, материалдық-техникалық базаны жабдықтауға және нығайтуға 447 млн. теңге, объектілерді жөндеуге – 800 млн. теңге, сонымен қатар алғаш рет музыка мектептері үшін музыкалық жабдықтарды сатып алуға 120 млн. теңге көзделген.

Балалар технопаркін және компьютер­лерді, зертханаларды және 3D-принтерлер­ді қоса алғанда барлық қажетті инфра­құ­рылымдары бар бизнес-инкубатор құра оты­­рып, 50 метрлік бассейні бар Балалар мен жет­кін­шектер сарайының құрылысын салу қосым­ша білім беру саласындағы келешегі зор жоба болып табылады.

Өткен жылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың барлық 79 мектебінде 24 бейнекамера орнатылды. Бейнедабыл көздерінен түскен ақпарат Қарағанды қаласының ІІД ЖБО және білім бөлімінің бейнеқабырғасына жолданады. Жүйе ағымдағы жағдайларды тіркеп қана қоймай, ұзақ уақытқа қалдырылған сөмкелер немесе пакеттердің болуын, адамдардың шоғырлануы сияқты қауіп көздері туралы белгі береді.

Осы жылы бейнебақылаумен балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдар қамтылатын болады.

 

Денсаулық сақтау

Жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі негізгі көрсеткіш – денсаулық сақтау жағдайы.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қалада халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштердің оң қарқыны байқалады. Туберкулезбен сырқаттану және соның салдарынан өлім, аналар өлімі көрсеткіштері төмендеген, сәбилердің өлімі деңгейінің өсуіне жол берілмейді.

Сырқаттануды ерте анықтау мақсатында медициналық скрининг тексерістері жүргізіледі.

Дәрігерлер саны 2,6% өскен. Орта санаттағы медициналық қызметкерлердің саны 0,8% жоғарылады.

Медициналық кластер бойынша медициналық мекемелердің желісі кеңейіп, олар заманауи деңгейде жабдықталып, қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

2017 жылы қалада №1 емханаға қарайтын №3 отбасылық денсаулық орталығы және «Луч» нейро-оңалту орталығы ашылды.

Келешекте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Майқұдықта және Сұрыптауда жедел жәрдемнің 2 қосалқы станциясын және Аллергологиялық орталық ашу жоспарланған. Осы шаралардың барлығы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға оң әсер етеді.

Жекеменшік сектор үлесін арттыру есебінен бәсекелестік орта кеңейтіліп, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы және қадамдық қолжетімділігі артады.

Мемлекет басшысы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің бірлескен жауапкершілігіне негізделген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне кезең-кезеңмен ауысу бойынша міндет қойды.

 

Спортты дамыту

Спорт және белсенді өмір салты – денсаулықты жақсартудың және халықтың дене тәрбиесімен шұғылдануы бойынша негізгі басымдықтар. Осы мақсатта біз қаланың спорт құрылымдарына барынша қолжетімділікті қамтамасыз етудеміз.

Қаладағы спорт объектілерінің желісі ста­диондар мен спорт сарайларын, спорт орта­лықтарын және кешендерін, спорттық және жаттығу залдарын қамтитын 823 спорт құры­лымын құрайды, өткен жылға қарағанда өсім 4,4%-ды құрады.

Өткен жылы Қарағанды қаласында 36 мың­нан астам адамның қатысуымен 52 спорт түрінен 275 жалпы қалалық спорттық шара өткізілді.

Қазір қалада 155 388 адам спортпен белсенді түрде шұғылданады, ол халықтың жалпы санының 31%-ын құрайды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрғындар арасында танымал 3 жоба жүзеге асырылды.

Шахматты дамыту бағдарламасы Қарағанды қаласының 656 шахматшысына әр түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді.

Өткен жылы біз өзімізді алғаш рет әлемдік деңгейде таныттық. Қарағандылық шахматшылар құрамасы Яссы қаласында (Румыния) оқушылар арасындағы Әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, үлкен тәжірибе алып, жақсы рейтингілік көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қалалық аула футболы лигасының таны­малдығы жоғары.  Қаланың екі ауданынан шығатын командалар саны өсуде – 112 команда. Өткен жыл бойы әр түрлі жастағы 1100-ден астам футболшы қаланың шағын-футбол алаң­дарында жарысып, белсенді сауықтыру жаттығуларына өскелең ұрпақтың қызығу­шылығын арттырды.

Қаламыздың спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы.

Спорт кешенінде ауыр атлетика залы, баскетбол, волейбол және шағын футболға арналған әмбебап спорт залдары, 25 метрлік жүзу бассейні мен бокс залы бар, қазіргі таңда Октябрь ауданының тұрғындары үшін тартымды орын болып табылады.

Аулаларды абаттандыру бағдарламасы аясында 2017 жылы қаланың шағынаудандарында 8 спорттық алаң орнатылды, БЖС аймағында жасанды жабыны бар заманауи баскетбол алаңдары іске қосылды, Сұрыптау кентінде «Локомотив» спорт кешенінің футбол алаңында жасанды жабын ауыстырылды.

Бұқаралық, қолжетімді спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасау үшін қоғамдық бірлестіктер мен жеке инвесторлар бастама жасап, көмек көрсетуде.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Олим­пиада Комитеті 4 «Street Workout» алаңын орнатты, «Аманат Арена» футзал орта­лығының құрылысы аяқталды, «Қарағанды Арена» мұз сарайының сыртындағы жаттығу мұз айдынының құрылысы аяқталуда.

«Кёкушинкай карате федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қаражатына Язев көшесі, 17, 19 үйлерінің ауласында балалар мен жасөспірімдер үшін шағын футбол алаңы мен спорттық-сауықтыру клубының құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы Федерация осы жұмысты жалғастырады, оларға қажетті коммуникациялары бар 15 жер учаскесі ұсынылған.

 

Мәдениет және

тілдерді дамыту

Мәдениет адамзаттың ғасырлық тәжірибесін қамтиды. Адамзат үшін оның мән-мағынасын түсіне отырып, облыстық орталықта аталған саланың жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасаймыз.

Қаладағы мәдени объектілер желісі 3 аудандық мәдениет үйі («Теміржолшылар» МҮ КМҚК, «Жаңа Майқұдық» МҮ КМҚК, «Жастар» МҮ КМҚК), «Локомотив», «Жастар» спорттық кешендері және 39 аула клубы бар «Шахтер» стадионынан, Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағынан және «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ тұрады.

2017 жылы әр түрлі мерекелер мен атаулы күндерге арналған 6249 іс-шара өткізілді. Аталған шараға 1 миллионнан астам тұрғын қамтылды.

Ұлттық мәдениетті және Қазақстан халықтарының мәдениетін дамытуға, мерейтойлы мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік тілді дамыту.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы 12 мың адамды қамтитын 12 шара өткізілді.

Жоспардан тыс халық арасында «ҚАЗТЕСТ» өткізілді, 82% қатысушы мемлекеттік тілді білудің базалық және ортадан жоғары деңгейін көрсетті.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді тегін негізде оқытуға барлық жағдайлар жасалуда.  Лингафондық кабинетте тегін негізде қазақ тілін оқыту жұмысы жүргізілуде, сонымен қатар ағылшын тілін оқыту жұмыстары жалғасуда. 2017 жылы 122 адам оқытылып, сертификат алды.

Барлық білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту курстары бар. Сонымен қатар, ЖОО, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер аталған шараларға қатыстырылады.

Осы жылы аталған жұмыс жалғасын табады. Мәдени нысандардың материалдық базасы да тұрақты назарға алынған.

«Молодежный» МҮ және «Теміржолшылар» МС ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

5 балалар-жасөспірімдер клубы: «Мир», «Ровесник», «Болашақ», «Барыс», «Арман» клубтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін «Шахтер» стадионы үшін автомобильдік кран-манипулятор, қуатты жарықдиодты LED-экран, сондай-ақ «Теміржолшылар» МҮ сахнасына арналған жабдықтар, жарықтандыру және дыбыстандыру құралдары, көрермендер залына арналған креслолар сатып алынды.

2018 жылы 6 мәдени нысанға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі: 3 аудандық Мәдениет үйі, «Шахтер» КМҚК стадионы, М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхананың №5 және №22 филиалдары.

 

Ішкі саясат және

жастар саясаты

Қарағанды қаласындағы ішкі саяси процестер тұрақты деңгейде.

Мемлекеттік ақпараттық саясатқа ерекше назар аударылады. Өткен жылы Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерін және басқа бағдарламалық құжаттарды түсіндіру, қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметі бойынша теледидар және газеттерде 950-ден астам материалдар жарияланды.

ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмін қолдану арқылы 17 жоба жүзеге асырылды, олар ардагерлерді, мүгедектерді, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қолдауға жолданған.

Ұлт көшбасшысы «…мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» деп атап өткен.

Осы бағытта халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп, кездесулер, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясаты Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналуда.

Осыған байланысты 2017 жылы түрлі бағыттағы 9 жоба жүзеге асырылды.

Өткізілген шаралардың саны 51% артып, 35 мың адамды қамтыған 191 шараны құрады.

«Юрта life» қазақ халқының дәстүрлерін және ұлттық мәдениетті жандандыру бойынша шаралар, «Мен — қазақстандықпын» атты бірлік клубының, «Qaz club» жастар клубының отырыстары өткізілді.

Әлеуметтік жаңғырудың негізгі бағыттарының бірі — Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру.

Осы мақсатта әлеуметтік сала, экономика және кәсіпкерлікті, құрылыс, қаланы абаттандыру бойынша кешенді талдау жүргізілді және азаматтық қоғамның түрлі санаттарымен кездесулер өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада 2017 жылы 615,2 млн. теңге сомасына 78 жоба жүзеге асырылды. Олар – Н.Әбдіров даңғылы, 24/4 үйдің ауласында, сондай-ақ Октябрь ауданының 12 ауласында балалар ойын алаңдарын орнату, Олимпийская көшесінде Виктор Цойға арналған сәулет-монументалды алаңмен гүлзар ашу, Язев көшесі, №№13, 15, 17, 19 үйлердің ауласында аула клубы бар спорт алаңының ашылуы, «Ақ Сарай» салтанат сарайының іргелес аумағын абаттандыру және басқа да көптеген бастамалар.

Ағымдағы жылы осы жұмыс мемлекеттік идеологияға сәйкес жалғастырылады.

Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығын өткізуге байланысты барлық шаралардың патриоттық мән-маңызы күшейтіледі.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 30 қадамын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамға есепті болатын жергілікті полиция қызметі құрылып, тиімді қызмет атқарады.

Жергілікті полиция қызметінің құзыреті қоғамдық тәртіпті қорғау, тұрмыстық қылмысқа қарсы әрекет, жол-патрульдік қызмет көрсету, кішігірім құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділік мәселелерін қамтиды.

Тұрғындармен учаскелік полиция инспекторларының, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті полиция басшылығының қатысуымен жүйелі түрде кездесулер өткізу тәжірибесі қолға алынған.

Бекітілген жоспарға сәйкес қалада қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту бойынша іс-шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылады. Бүгінгі күні әкімдікте 121 қоғамдық полиция көмекшісі тіркелген.

Азаматтарды профилактикалық жұмысқа қатыстыру заң мен тәртіп жағдайына оң әсер етеді. Қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 2017 жылы 53 қылмыс ашылып, 440-тан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Белсенді қатысқаны үшін 32 азамат ынталандырылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша мас күйінде жасаған қылмыстар саны 33,6%, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 25%, қоғамдық орындарда 17,5%, көшеде жасалған қылмыстар саны 4,7% қысқарды.

Көшеде жасалған ауыр қылмыстардың саны 21,5% азайды.

Қала жолдарындағы апаттың деңгейі 3,1% төмендеді, сонымен қатар ЖКА барысында жараланғандар саны 1,1% төмендеді.

Өткен жылы аудандық полиция инспекторлары халықпен 670 астам жиналыс өткізді, оған 16,5 мыңнан астам азамат қатысты. Тұрғындардан келіп түскен 600-ден астам ұсыныстар мен ескертулер қарастырылды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтар да бар.

Бейнебақылау жүйесі қылмыстың алдын алуда маңызды роль атқарады.

Қазіргі уақытта қала бойынша Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасының 328 сыртқы бейнебақылау камерасы орнатылды, оның ішінде ЖҚЕ бұзылуын анықтау функциясы бар ағындық бейне тіркеу әдісімен алып кеткен және қылмыстарға қатысы бар автокөліктерді іздестіру бойынша 5 зияткерлік бейнебақылау камерасы орнатылған.

Сонымен бірге, 2014-2017 жылдар аралығында «Перспектива» ҮЕҰ ЖШС «Бейнежазбалар қызмет ретінде» жобасы шеңберінде облыс орталығындағы қалалық бейнебақылау жүйесін орнатқан. Негізгі міндет – көлік қозғалысын бақылау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коммуналдық меншікті сақтау.

Бейнебақылау жүйесінде 909 бейнебақылау камерасы бар.

Келешекте аталған жүйені ұзақ мерзімді негізде қызметтер көрсететін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясына өткізу жоспарланған.

 

Аумақтарды санитарлық

 тазарту және абаттандыру

Көшелерді тұрақты жарықтандыру, қаланың эстетикалық көркін қалыптастыру, алаңдарды абаттандыру және безендіру – атқарушы билік органдары жүйелі түрде шешімін табатын міндеттер болып табылады.

Өткен жылы қаланы абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді, ландшафтты көгалдандыру, шағын гүлзарлар орнату, шағын сәулет нысандарын орнату, жарық динамикалық элементтермен безендіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда, 2 гүлзар, 9 шағын гүлзар, 10 аула аумағы, оның ішінде Қазыбек би атындағы аудан бойынша 4 аула, Октябрь ауданы бойынша 6 аула абаттандырылды. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде түрлі спорттық, шаруашылық алаңдарын және балаларға арналған алаңдарды бөле отырып, кешенді тәсіл қолданылды. Осы абаттандыру жұмыстары жүргізілген орындар тұрғындардың сүйікті демалу орындарына айналды.

Барлық объектілердің ашылу салтанаты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелерге орайластырылды.

140 заманауи жарықдиодты жарықтандыру тіректері орнатылған, 23 мың шаршы метрден астам жаяужол тастары төселген, 3 мың шаршы метрден астам шаңғыроллер жолы абаттандырылған Орталық саябақтың Батыс бөлігін абаттандыру жұмыстарын бастау — маңызы зор жобалардың бірі.

Ағымдағы жылы Орталық саябақтың Батыс бөлігінің құрылысын салу жобасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланған, сонымен қатар келесі жылдың жаңа бастамалары 100 аула аумақтарын, 6 гүлзарды және 15 шағын гүлзарларды абаттандыру, топиарлы фигураларды және т.б. орнатып, көгалдандыру тұжырымдамасын қамтиды.

Осы шаралар қаланың эстетикалық көркін едәуір жақсартып,  қала тұрғындарының және қала қонақтарының көңіл-күйін көтереді.

 

Жарықтандыру

Сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту шеңберінде 15-магистраль және Сәтбаев көшесі бойынша жарық тіректерін қалпына келтіру және ауыстыру жұмыстары аяқталды, Ерубаев, Бөкетов және Жәнібеков көшелері бойынша электр желілерін жаңғырту бойынша жоба жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, мектептерге бағытталатын жолдарда орналасқан қолданыстағы жарықтандыру тіректерін КТП қосу және кабельдерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

МЖӘ аясында энергетикалық-сервистік келісім-шарттарды енгізу үшін жарық нүктелерін паспорттау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

Көлік инфрақұрылымын

дамыту 

Қала тұрғындарын, әсіресе автоиеленушілерді толғандыратын өзекті мәселе – көлік инфрақұрылымын дамыту.

Қазіргі таңда қаладағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала халқын жолаушылар тасымалдаумен, автокөліктердің үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету – негізгі міндеттер болып табылады.

Қалада автомобиль жолдарының ұзындығы 982 км құрайды, 4 көпір, 10 өтпежол, 140 бағдаршам, 8 мың жол белгілері бар.

2017 жылы автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен 250 көше (Қазыбек би атындағы аудан – 161 және Октябрь ауданы – 89) және әлеуметтік объектілерге 210 кіреберіс жолдары және өтпежолдар (Қазыбек би атындағы аудан – 65 және Октябрь ауданы — 145) қамтылды. Күтіп ұсталатын жалпы аудан – 5 млн. шаршы метр.

Гоголь, Гудермесская, Космонавттар көшелері бойынша және Мұқанов және Тәттімбет көшелерінің қиылысында 1700 ұ.м. нөсерлік канализацияларын тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен жылы жол жұмыстарымен іс жүзінде қаланың барлық секторлары қамтылған.

Жөндеу науқаны 2 кезеңде жүргізілді, ол бірінші кезеңде 25 көше және екінші кезеңде 100 көше.

Жалпы бөлінген қаражат есебінен 95 км жолға жөндеу жұмыстары аяқталды: Қала секторы бойынша – 38,8 км, Михайловка секторы бойынша – 5,6 км, Оңтүстік-Шығыс секторы бойынша – 4,5 км, Майқұдық секторы бойынша — 15,1 км, Пришахтинск секторы бойынша – 19 км, Сұрыптау секторы бойынша – 12,4 км.

Ал ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамыту аясында келесі жобалар қарастырылған, ол:

– Приканальная көшесі бойынша автомобиль жолының құрылысын салу және Гоголь көшесі бойынша жолды күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;

– 54 учаскеде өтпежолдарды жөндеу;

– ұзындығы 23,6 км жолдардың жаңа 16 учаскесін орташа жөндеу;

Сондай-ақ бюджет профициті кезінде Құ­ры­лысшылар даңғылы бойынша автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын бас­тау жоспарланған.

Сонымен бірге Волочаевская көшесінде автомобиль жолдарының құрылысын салу, К.Маркс көшесі және 7-ші магистраль жолдарын күрделі жөндеу  бойынша ірі жобалар әзірленуде.

Майқұдықтың 14 шағынауданынан бастап «Шығыс айналма жолы» республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейін жолдарды күрделі жөндеу – маңызды жобалардың бірі. Коммуналдық сектор саласына заманауи технологияларды енгізуге қатысты.

49 бағыт бойынша орташа жөндеу жүргізу кезінде алғаш рет жолдың жүру бөлігінің негізіне күрделі қаржы жұмсамай салқын ресайклинг технологиясы қолданылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде асфальтбетонды жабынның тозуын және жарылуын баяулату үшін сұйық тығыздауышты қолдану жұмыстары жоспарланып отыр.

Осы жұмыстардың барлығы жөнделген авто­жолдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Жолаушылар тасымалы және жол қозғалысының қауіпсіздігі

Осы саладағы жергілікті биліктің мақсаты – жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауға жағдай жасау, сонымен қатар қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз ету.

Қалада 9 тасымалдаушы 62 қалалық және 11 қала маңы маршруты бойынша жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді, орташа алғанда, автобустардың жолға күнделікті шығуы – 540 бірлік. Автокәсіпорындардың жылжымалы құрамының саны 952 бірлікті құрайды.

Өткен кезеңде шығарылым жиілігі 85% құрайды.

Қоғамдық көліктермен қамтылмаған Ерубаев, Ғазалиев, Б.Момышұлы көшелерін (бұрынғы Ұшу жолағы) қамту бойынша бағыттардың кестесін құру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала ішіндегі № 118 «Оңтүстік-Шығыс а\б – Сұрыптау («Жастар» кафесі)» бағытының кестесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қоғамдық көлік саласында ақпараттық таблосы бар «ақылды» аялдамалар жұмыс істейді, жолаушылар көлігінің жылдамдық режимін сақтау, автобустардың қозғалыс уақытын қадағалау бойынша GPS-мониторинг жүйесі енгізілген.

Жұмыстың келесі кезеңі – Меморандум аясында Алматы қаласының «Смарт Карт» ЖШС жүзеге асыратын электрондық билеттендіру жүйесін енгізу.

Осы бағдарламаны енгізу тасымалдаушылар қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету есебінен оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Тұрғын үй шаруашылығын

дамыту

Қазіргі уақытта қаланың тұрғын үй қоры 2566 көп пәтерлі тұрғын үйлерді қамтиды.

Қалада 2126 үйге немесе тұрғын үй қорының 72,8% қызмет көрсететін кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін басқарудың 196 органы тіркелген.

2011-2017 жылдар аралығында «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» ТКШ Жаңғыртудың шағын бағдарламасы аясында 61 көп пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы қайтарылған қаражаттар есебінен Архитектурная көшесі, 9 үй, Резник көшесі, 11 үй, «Көгілдір тоғандар» шағын ауданы, 18 үй, 2 подъезд, К.Маркс көшесі, 5 үй, 7 подъезд, 19-шы шағын аудан, 75 үй, 7 подъезд, Бұқар жырау даңғылы, 28-а үй, Серов көшесі, 48 үй, Құрылысшылар даңғылы, 19 үй мекенжайлары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің 8 объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылғы жоспарға 9 көппәтерлі тұрғын үй енгізіліп, қайтарылған қаражаттар есебінен кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне күрделі жұмыстар жүргізу жоспарланған.

 

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысын салуда сұранысты анықтау үшін негізгі индикатор табиғи өсім және оң көші-қон айырмасымен шартталатын қаланың жылына орташа 5 мың адам ретінде қарқынды өсіп келе жатқан халық саны болып табылады.

Осыған орай тұрғын үй құрылысы басым бағыттардың біріне айналып, жалпыұлттық сипаттағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

2017 жылдың қорытындылары бойынша барлық қаржыландыру көздері арқылы 182,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды, бұл 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,4%-ға артық.

Соның ішінде бюджеттік қаражат есебінен пайдалануға қабылданған тұрғын үй үлесі 23,3%, жеке құрылыс салушылар есебінен – 26,2%, жеке инвестициялар – 50,5%-ды құрайды.

Б.Момышұлы көшесі, 24, 28 (Панель-Центр шағын ауданы), Шахтерлер даңғылы, Чижевский көшесі, 27, Ержанов көшесі, 34/1 бойынша «Жанұя-2» тұрғын үй кешендері, Шахтерлер даңғылы, 5/1, Гүлдер-1 шағын ауданы, 1/4 учаске мекен-жайында тұрғын үйлер, Октябрь ауданының 12-ші шағын ауданында жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

Жалпы алғанда «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы 391 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Соның ішінде:

– ТҮҚЖБ желісі бойынша 285 отбасы (Б.Момышұлы көшесі, 24 үй);

– «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша – 106 отбасы (Белинский көшесі, 2 үй);

Ағымдағы жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 132 отбасы Б.Момышұлы көшесі, 28 үй мекен-жайындағы тұрғын үймен қамтылды және сатып алу-сату шарттары жасалды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін Б.Момышұлы шағын ауданында 761 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету және «ҚИК» АҚ желісі бойынша Майқұдықтың 12 және 15 шағын аудандарында 195 пәтермен қамту жоспарланған.

2017 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастады, оның мақсаты – халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру.

Бағдарлама аясында 2017 жылы Б.Момышұлы шағын ауданында 24-қабатты жеті тұрғын үйдің (Трилистник) құрылысы және Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында бес 9-қабатты үйдің құрылысы басталды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ұлттық қордың қаражаты есебінен Майқұдықтың 14-ші шағын ауданында жалға берілетін бес қабатты тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Осы алаңшада қолданыстағы жобамен 3 тұрғын үйдің құрылысын салу қарастырылған.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қажетті инфрақұрылым өткізілген «Күнгей» шағынауданының 1-кезегінде 100 жеке тұрғын үй құрылысын салу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады.

Сонымен қатар «ҚИК» АҚ Октябрь ауданында 3 тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмысты аяқтайды.

Сонымен қатар қалада жеке инвестициялар есебінен тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде.

«ККК Инжиниринг» ЖШС өз қаражаты есебінен «Сапа» және «Жанұя-2» екі тұрғын кешенінің құрылысын бастады. Екі тұрғын үй кешенінің жобалық қуаттылығы – 487 пәтер.

Сонымен бірге, Приканальная көшесі бойынша 160 пәтерлік тұрғын үй және Университет, Волочаевская көшелері бойынша, Шахтерлер даңғылы бойынша, «Гүлдер» шағын ауданында тұрғын үй кешендерінің құрылысы салынуда. Пайдалануға қабылдау мерзімдері – 2018-2019 жылдар.

 

Коммуналдық

шаруашылықты дамыту

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамту жүйелері қызметінің сенімділігі жүйелі мәселе болып табылады.

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту үшін барлық қаржыландыру көздері есебінен ЖЭО-1, ЖЭО-3 жылу көздерінде 2 қазандық пен 2 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 29 км жылумен қамту желілеріне, 63 км сумен қамту желілеріне және 13 км кәріз желілеріне күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар электрмен қамту желілерінде 110 км астам электр өткізу желілері мен технологиялық жабдыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 15 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде 7 жоба тапсырылды.

Бұл – М-10 бастап «Панель-Центр» шағын­ауданына дейін жылу трассасының, «Күнгей», «Таугүл», «Оңтүстік-Батыс» шағын аудандарында инженерлік инфрақұрылымдардың құ­ры­лысы. №3 және Цемзавод-Компанейск кен­тінде субұрғыларын қайта құру, М-8 жылу магистралін қайта құру.

Ағымдағы жылы М8 жылу магистралінде негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін «Шахтерский» кентінің тұрғындарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу бойынша жобаны әзірлеу жоспарланған.

«Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттік несиелендіру механизмі арқылы «12 месяцев» дүкенінен бастап «Арай» базарына дейін Оңтүстік-Шығыс жылу магистралін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жобаны жүзеге асыру қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінің 135 көп пәтерлі тұрғын үйді және 17 әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысанды жылумен қамту жүйесін жақсартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, КНС-7 бастап Аэрация станциясына дейін ұзындығы 10,8 км №10 өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта құру жұмыстары аяқталды.

Коллекторды қайта құру апаттардың болуын және қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын үйлердің аумақтарын су басуды тоқтатуға мүмкіндік береді.

2018 жылы осы бағдарлама бойынша бюджеттік несиелендіру механизмі арқылы 4 магистральді жылумен қамту желілерін қайта құру жоспарланған.

Ұзындығы 6,5 км проблемалық учаскелер қайта құру жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл – Чапаев көшесі (2 учаске) және Гоголь көшесі, Республика даңғылы бойындағы магистральді жылу желілері.

Нәтижесінде 19,7 мың Гкал/жыл көлемінде жылудың жоғалуын төмендету, 1540 тұрғын үйде, 217 әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысанда жылумен қамту сапасын жақсарту болжамдалады.

 

Жерге орналастыру және сәулет мәселелері

Қаланың кешенді дамуы Бас жоспармен тікелей байланысты, оны жүзеге асыру аясында 25 бекітілген қала құрылыстық жоба және 5 инженерлік қамтамасыз етудің салалық схемалары бар.

2017 жылы қалалық бюджет есебінен көлемі 2 216,85 га 4 қала құрылыстық жобасы дайындалды және бекітілді.

Осы жұмысты жалғастыру мақсатында 2018 жылы жалпы ауданы 152,6 га Оңтүстік-Шығыс жоспарлау ауданының Панель-Центр бөлшектік жоспарлау жобасы бойынша 1 қала құрылыстық жобаны әзірлеу жоспарланған.

Сондай-ақ, өткен жылы қаланың бағалау аймақтарының шекаралар сызбасын жасау бойынша жер-кадастрлық жұмыстар орындалды.

Жер мәселелері бойынша сыбайлас жем­қорлықты болдырмау мақсатында қалада жер учаскелерін беру сауда-саттықтарды (аукциондар) өткізу жолымен жүзеге асырылады.

2017 жылы жер учаскелерін сату бойынша 5 аукцион өткізілді, 39,4 млн. теңге сомасына көлемі 4,8 га 60 жер учаскесі сатылды.

Ағымдағы жылы сауда-саттықтарды өткізу арқылы 120-ға жуық жер учаскелерін сату жоспарланған, өткізілетін сауда-саттықтар туралы мәліметтер қолданыстағы заңнама аясында жарияланады.

 

Көрсетілетін мемлекеттік

қызметтер туралы

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруға және электронды түрде қызмет көрсету сапасын жақсартуға, электрондық үкіметті дамытуға, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету, «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін енгізуге және рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыруға ерекше назар аударылады.

Осы бағытта өткен жылы қаланың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 79 түрі бойынша 162862 қызмет көрсетті, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 50923, Электрондық үкімет порталы арқылы 11773 қызмет, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы 2696, қағаз жүзінде 97470 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде ең көп талап етілген мемлекеттік қызметтер: жұмыспен қамту мәселелері бойынша  – 21 437, білім беру мәселелері бойынша – 28322.

Сонымен қатар, тікелей қала әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді алатын азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи талаптарды ескере отырып, жаңартылатын «Бірыңғай кеңсе» жобасы табысты қызмет атқаруда.

Халыққа өздігінен электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді, электрондық санды қолтаңбаны алу үшін дербес қызмет көрсету бұрыштарын орналастыру, сонымен қатар қызметкерлердің кеңес беру және Электрондық үкімет порталында жұмыс дағдыларын үйрету шаралары жоспарланған.

Сонымен қатар 2017 жылдан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаларға есепке алу процесін толық автоматтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізілуде. Аталған жүйе балабақшаға жолдама алу кезінде қызмет көрсетуші мен ата-ананың қарым-қатынасын мүмкіндігінше азайтып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орындарды бөлу жұмысының айқындығын қамтамасыз етеді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа

қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы  күрес туралы

Сыбайлас жемқорлық бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға, азаматтардың әл-ауқатының артуына, мығым азаматтық қо­ғамның орнауына кедергі келтіреді.

Сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қалалық комиссия Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.

Тұрақты негізде мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнамаларды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы әкімдік қызметкерлерімен 87 семинар, оның ішінде 6 семинар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының өкілдерінің, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен өткізілген.

Қала әкімдігінің барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жұмыс істейді, оның нөмірлері үнемі баспа басылымдарында, интернет-сайттарда жарияланады.

 

Азаматтардың өтініштері

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қызметтің барлық деңгейлерінде ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  жергілікті атқарушы органдар халықпен өзара байланыс орнатқан.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініш­терін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз орындау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Құжаттардың орындалуын бақылау сызбасы қалыптастырылған.

2017 жылы қала азаматтарынан 6197 жазбаша өтініш түсіп, қарастырылған, бұл 2016 жылға қарағанда 9% артық.

Өтініштердің басым бөлігі немесе 70% – сәулет және жерге орналастыру мәселелері бойынша, 21% – тұрғын үй беру мәселесі бойынша, 9% – коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша өтініштер.

Қала әкімінің блогына 1167 өтініш келіп түсті, бұл 2016 жылға қарағанда 2 есе артық, соның ішінде 51% – коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты өтініштер.

Барлық өтініштерге тиісті ақпараттар мен жауаптар уақытылы жолданады.

Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара электронды қарым-қатынасының оңтайлы механизмін құру мақсатында елімізде алғаш рет қала әкімі аппаратының базасында «Qamqor» (Қамқор) мобильді қосымшасының республикалық сынамалы жобасы жұмыс жасай бастады.

Сондай-ақ түскен өтініштер бойынша же­дел әрекет ету және шаралар қолдануға бағыт­талған қала әкімдігінің Whatsapp және Telegram мобильді қосымшаларының жұмысы жүргізілуде.

Өткен кездесулер барысында халықтан келіп түскен

ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша орындалған шаралар туралы ақпарат

2017 жылы қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында азаматтардан түрлі сұрақтар бойынша 13 өтініш-ұсыныс келіп түсті, олардың әрқайсысы мұқият қарастырылды, оларды орындау үшін тұрақты бақылауға алынған шаралар жоспары жасалды.

 

Құрметті қарағандылықтар!

Осы жыл маңызды зор саяси оқиғалардың бірі – ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауынан басталды.

Мемлекет басшысы елімізді төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамыту бойынша тапсырмалар беріп, жүзеге асырылуы қажет 10 негізгі міндетті анықтады.

Еліміз үшін саяси маңызы зор оқиғалардың бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету.

Сонымен қатар, Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлік дін көшбасшыларының VI құрылтайын өткізу жоспарланған.

2018 жыл – Қазақстан үшін ерекше жыл, Астанамыздың 20 жылдығы. Оның қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтардың біріне айналуы – барлығымызға ортақ мақтаныш.

2018 жыл өңіріміздің қоғамдық-саяси және мәдени салада көптеген оқиғаларға толы жылы болмақ.

Алдағы кезеңдегі негізгі мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасы мен игілігіне тікелей әсері болатын нақты нәтижелерге қол жеткізу.

Қарағандылықтар экономиканы сақтау мен дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсап, өз үлесін қосатынына сенімдімін.

 

Қарағанды қаласы әкімінің

халыққа есеп беру

кездесулерінде қарастыруға жоспарланған мәселелер тізбесі 

  1. 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы.
  2. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын жүзеге асыру туралы.
  3. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы:

— «Бизнестің жол картасы — 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бірегей бағдарламасы;

— «2020 жылдарға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы;

— Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы.

  1. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы.
  2. Тұрғын үй және әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын салу туралы.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіровтің

халыққа есеп беру кездесулерін өткізу

К Е С Т Е С І

№ р/с Аудан атауы Өткізу күні Өткізу орны және уақыты
1 Қарағанды қаласының Октябрь ауданы 12.02.2018 ж «Молодежный» МҮ КМҚК, (22 ықшамаудан, 27/1) сағ. 15.00
2 Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы 14.02.2018 ж. Қарағанды қаласы әкімдігі ғимараты, үлкен зал (Бейбітшілік бульвары, 39)

сағ. 15.00

 

Халықтың пікірлерін, ескертулерін және ұсыныстарын жинау үшін арнайы жәшіктер «Молодежный» МҮ КМҚК, қалалық әкімдіктің ғимараты (ХҚО,1 қабат) мекен-жайларында орнатылған, сонымен қатар 42-36-58 «жедел желі» телефоны жұмыс істейді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.