ЖаңалықтарСпорт
«Шахтердің» құрамы «Қайраттың» түлегімен толықты
Қарағандылық «Шахтёр» футбол клубы 18 жастағы қорғаушы Елхан Саидовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

KazFootball.kz сайтының мәліметінше Елхан Саидов «Қайрат» академиясының түлегі. Өткен маусымда ол Бірінші лигада «Қайрат-Жастар» сапында өнер көрсетіп, 19 матч өткізген. Сонымен қатар, қорғаушы жастар арасындағы Чемпиондар лигасының үш матчына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.