Балқаш

Шағын орталықтағы шығармашылық

    Тәрбиешілер балаларды тек тәрбиелеп қана қоймай, әр сала бойынша дамытып, күнделікті оқу қызметтерін атқарады.

Бүгін де сондай аса жауапкершілікпен Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясындағы «Балбөбек» шағын орталығының «Айгөлек» ІІ кіші тобында қыс мезгіліне байланысты «Шығармашылық» саласы бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өтті. Оқу қызметін осы топтың тәрбиешісі Аяулым Қыздарова жүргізді. Аяулым Бақытқызы бұл оқу қызметіне терең талдау жасай білді. Оқу қызметі барысында тәрбиешінің мақсаты балаларға табиғат мезгілдерінің ерекшеліктері туралы түсіндіріп, қыс мезгіліне тоқталу еді. Сонымен қатар, ұсақ саусақ моторикасын дамытуды жалғастыра отырып, сұқ саусақпен қағазға өрнек салу, түстерді ажырату, оң мен солды есте сақтау, тәулік бөліктерін үйрету болатын. Біршама еңбек жасалып, тәрбиеші сабақты балаларға айқын жеткізе білді. Осы мезгілге байланысты көрнекіліктер, таратпа материалдар қолдана отырып, балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінік беріп қана қоймай, пәнаралық байланыс та көрсетілді. Ең қызығы, қысқы ойындарды еске түсірумен қатар, сол ойындарды геометриялық пішіндермен ұштастыра алды. Балалар тәрбиешінің әр сөзін мұқият тыңдап, жарыса жауап беріп отырды. Ал, көмекті қажет ететін балалармен тәрбиеші жеке-жеке жұмыс жасады. Оқу қызметін қортындылай келе, балалардың алған мағлұматтарын әрі қарай дамытуды жалғастырды және білім деңгейін, сөздік құрамын молайта отырып, оқу қызметін ойынмен аяқтады. Себебі, ойынның қандай түрі болсын, ол баланың ойлау, есте сақтау, есту және де белсенді болуына көмегін тигізетінін біз жақсы білеміз. Біздің «Балбөбек» шағын орталығында күнделікті өтетін оқу қызметтері, жаттығулар, сюжетті, дидактикалық, логикалық және қимыл-қозғалысты ойындар, баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді деп білемін. Аяулым Бақытқызы үнемі балаларды бір-бірінің еңбектеріне көмектесуін қадағалап, ұқыпты орындауға қалыптастырады және тазалық пен еңбекке тәрбиелейді.

Лаура МЕЙРАМБЕК,

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button