Жаңалықтар

Шаһар шежіресі шертілді

     Қатпарлы Қарағандының тари­хы «Қазыналы қала шежіресі» тақы­рыбындағы «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік таным шарасында шер­тілді. М.Әуезов атындағы орта­лықтандырылған қалалық кітапханада өткен танымдық шараға №41, №15, №54 және №77 ЖББОМ ұжымдары қа­тысты.

Кітапхана директоры Г.Қарағонысова шараны салтанатты түрде аштты. №77 ЖББОМ ұжымы осы шараға тікелей ат салысып, 11 сынып оқушысы Ақжол Дәрібай «Қара шаңырақ – Қарағанды» әнін шырқады. Ойынды алғашқы болып №41 мектептен келген «Шахтер» тобы бастады. Қарсыласы – «Жігер» тобы №15 мектептен. Бұл топтан 8 сынып оқушысы Ернұр Аманқұл «Сүйікті қалама» әнін шырқады. Оқушылар әндерді ұстаздары, композитор Қанат Мерсалимовтың же­текшілігімен орындағанын айта кеткен жөн. Жалпы, ойын барысында екі топта жақсы өнер көрсете білді. Жақсы дай­ындықпен келгендері көрініп тұрды. Қазылардың қорытындысы бойынша 39 ұпаймен «Жігер» тобы І орынды иеленді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button