Білім

Үш миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Елімізде биыл 11-сыныпты 172 мың түлек бітірмек. Оның ішіндегі 6800 оқушы «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Ortalyq.kz оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Ал, жалпы дерек бойынша, 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады.

– 9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3 пайызы, 2 млн 800 мың бала жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар, – делінген хабарламада.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс жасайтын болады.

– Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button