Бас тақырып

Үш күнде үйленуге болады

Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыру тұрғындарға айтарлықтай жеңілдік ұсынуда. Әсіресе, шаңырақ көтеруге ниеттенген жастар қысқа мерзімде некесін тіркей алады. Бұрын неке қию рәсімін 1 ай күту керек болса, енді 3 күн жеткілікті. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ хабарлады.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыру бағытында 43 заң мен 10 кодекске 500 түзету енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленген. Оның ішінде мемлекеттік қызметтің 121 түрін оңтайландыруға қажетті түзетулер бар.

Бірнеше мысал келтіре кетейін. Бірінші, некені тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы бұрын 1 айға созылған процесті 3 жұмыс күнінде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Екінші, салық төлеушілердің артық төленген сомасын автоматты түрде қайтару қарастырылады, деді Дәурен Абаев.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80%-ы, ал 2020 жылы 90%-ы автоматтандырылады. Сондай-ақ, қағаз түрінде ұсынылатын 110 миллион құжат қысқарып, электронды форматқа көшіріледі. Бұл тұрғындарды сағаттап кезек күту және қағаз жинау машақатынан құтқарады.

Басқа материалдар

Back to top button