Ақтоғай

Сенатор – ел ішінде

9 шілдеде Парламент Сенатының депутаты Рысқали ӘБДІКЕРОВ Шет, Ақтоғай аудандарына іссапарымен келіп қайты. Кезінде әкім болған сенатор үшін қос ауданның тыныс-тірлігі – жақсы таныс.

Сенатор Шет, Ақтоғай аудандарының «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапарын Шет ауданынан бастаған Р.Әбдікеров әуелі өткен жылы күрделі жөндеуден өткен аудандық ауруханаға ат басын тіреп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарға соқты.

Сенат депутаты Ақтоғай ауданында «Береке» сауда орталығы мен «Мизам» жиһаз дүкеніне бас сұғып, кірпіш құйып, аудан тұрғындарын құрылыс материалдары және көмірмен қамтамасыз етіп отырған «Бақтияр» шаруа қожалығына барды. Қожалық жетекшісі Е.Нұртазин шаруашылығындағы қолға алынған жұмыстарды көрсетіп, модульді мал сою пунктін, «Айтуған» коммуналдық базарын аралатты. Е.Нұртазин сондай-ақ, сенаторды таяу арада тақтай шығаратын шағын цехті іске қосатындығы туралы да хабардар етті.

Сенат депутаты екі ауданның полиция бөлімдерінің ұжымы, мәслихат депутаттарымен кездесіп, алдағы ауыл, кент әкімдері сайлауының өзгерістері мен енгізілген жаңа пунктері жайлы, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің жұмысына тоқталып, кейбір заң өзгерістерін тілге тиек етті.

Ардагерлер ұйымы мүшелерімен жүздесіп, елдің мұң-мұқтажын қаузап, толғағы тоқсан мәселелердің шешу жолдарын көлденең тартты.

Сенат депутаты жұмыс сапарын Шет, Ақтоғай аудандарында актив жиынымен түйіндеді.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button