Сенат Парламентінің депутаты «Орталық» өңірлік қолбасшылығына іс-сапармен келді
Кеше сенат парламентінің депутаты Сергей Ершов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Қарағанды қаласында орналасқан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына іс-сапармен келді. Әскери бөлімнің күнделікті өмірін көріп, әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігімен етене танысу үшін арнайы келген.
Іс-шара аясында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков өңірлік қолбасшылықтың қызметтік іс-әрекеттері мен қазіргі жағдайы және болашақтағы жоспарлары туралы мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар, «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөліміне де барды. Әскери бөлімге келу барысында, әскери бөлімнің көлік паркімен, асханасымен, мәдени іс-шара орталығымен және әскери бөлімнің лазаретімен таныса өтті.
Қызметтік сапар аяғында депутат Сергей Михайлович әскери бөлімнің «Құрметті келушілер» кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, өзінің жылы лебіздерін білдірді.
Бақдәулет МАНАРБЕКҰЛЫ,
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨҚ Баспасөз қызметкері.