Жаңалықтар

Семинар-тренинг өтті

Достық үйінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы «Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану» атты семинар-тренинг өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сот тәртібінде қаралуы тиіс даулар санын, оларды шешудің баламалы санын, соның ішінде татуластыру әрекеті мен медиацияны енгізу маңызды» деп айтқан еді. Осы бағытты бастаманы қолдау барысындағы шара дөңгелек үстел отырысы өңірдің кәсіби емес медиаторларына арналған семинар-тренингтен құралған екі бөлімді қамтыды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қарағанды өңірінің кәсіби емес медиаторларының пулын құру және өңіраралық форумға 5 делегат сайлау бойынша ұсыныстар талқыланды. Семинартренингке қатысушыларға кәсіби емес медиаторлар үшін біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы куәліктер табыс етілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта БАҚ үшін «Қазақстанда медиацияны дамыту перспективалары» атты брифинг өткізу керектігі сөз етілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қоғамдық алаңдарында медиация институтын дәріптеу бағытындағы ақпараттықтүсіндірмелі жұмыстары жүргізілуде. Мемлекетіміздің бағдарламалық құжаттарында да барлық жетістіктердің негізі – азаматтық бейбітшілік пен жалпыұлттық келісім екені анық көрсетілген. Бүгінде еліміздің әр өңіріндегі Достық үйлерінде медиация кабинеттері ашылған. Мұнда медиаторлар дау-дамайдың алдын алып, сотқа дейін тараптарды бітімгершілікке шақыру үшін тегін кеңестер беретінін айта кеткен жөн.

  • Бұл жобада біз медиаторлық процесстерге араласпаймыз. Керісінше, медиаторлардың білімі мен оқу дәрежесіне аса көңіл аударамыз. Негізгі мақсатымыз да осы, – дейді жобаның үйлестірушісі Игорь Зуев.

Бүгінде Қарағанды облысында екі жүзден астам медиаторлар арнайы тіркеуден өткен. Олардың міндеті – туындаған дауды сотқа жеткізбей, екі жақты татуластыру болып табылады.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button