Сегізінші сатыны иемденуде

   Қарағандылық «Шахтер» сапындағы жас футболшылар Айдос ОРАЛ мен Жан-Әли ПАЙРУЗ 19 жасқа дейінгі футболдан Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды.

Қарағандылық ойыншылар 2017-2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатыспақшы.

Құрама үш оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Алғашқысы 23-26 тамызда Талғар қаласында өтсе, екінші жиын 27-31 тамызда Словения астанасы Люблянада ұйымдастырылмақ. Үшінші жиын 1-6 қыркүйек күндері Польша астанасы Варшавада өтеді деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда қарағандылық «Шахтер» Премьер-Лига бәйгесінің сегізінші сатысынан орын алуда. 20 тамыз күні жерлестеріміз алматылық «Қайратпен» жасыл алаңда кездесті. 3:1 есебімен ұтылып қалды.

«Шахтер» құрамындағы Марко Станоевич біздің тарапымыздан соғылған жалғыз голды өз есебіне жазды.

Қоржында барлығы 27 ұпай.

Топ басында – 57 ұпайы бар елордалық «Астана». Одан кейін 53 ұпайды иеленген алматылық «Қайрат» келеді. Үздік үштікті бұрынғыдай шымкенттік «Ордабасы» түйіндеп тұр. 44 ұпай.

Ал, тізім соңында 19 ұпайды еншісіне жазған «Ақтөбе» орналасқан.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.