«Сарыарқа» сәтті ойын өткізді
Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы бейсенбі күні Жоғары Хоккей Лигасы тұрақты маусымының кезекті матчында «Молот-Прикамье» командасын жолдан ығыстырды.
Шабуылды сәтті пайдаланған қарағандылық Исаак Валицкий алғашқы болып шайба салып, есепті ашты. Бұдан кейін «Молот-Прикамье» командасының ойыншылары Анатолий Раенко, Руслан Шайхулов есепті еселеп, командасын алдыға шығарды. Кезекті шабуылдардан соң қос команданың мықты ойыншылары Вадим Ермолаев пен Михаил Анисин шайба алмасты. Жоғары Хоккей Лигасында ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарын қапыда қалдырған «Молот-Прикамье» кәcіби хоккей клубы осы жолы қарағандылықтардан айласын асыра алмады. Соңғы секундтарда, «Сарыарқаның» саңлақтары Артур Сарваров пен Евгений Орлов «Молот-Прикамье» командасының қақпасына шайба тоғытып, жеңістің туын желбіретті. Есеп – 4:3. «Сарыарқа» командасының ұпайы жоғары болды.
Айта кетейік, бүгін «Сарыарқа» хоккей клубы Ижевсктің «Ижста́ль» хокке́й клубымен кездеседі.
Нұрдос КӘРІМ