Спорт

«Сарыарқа» ірі есеппен жеңді

Бұл жолы «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында ұпай жоғалтпады. «Ақтөбе» клубымен өткен кездесуде 5:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпай қанжығалады.

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алғашқы айналымда тек бір шайба соғылды. Қарсылас команда шабуылшысы Стас Петосян есеп ашып, таблодағы есепті өзгертті.

Екінші айналымда жерлестер үш шайба салып, алға шықты. Гол авторлары – Владислав Сайко, Евгений Григоренко, Руслан Демин.

Соңғы айналымда Егор Кузьменко мен Руслан Демин тағы екі шайба салып, есепті 5:1-ге жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада жерлестер «Бейбарыс» клубына есе жіберген болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button