Бас тақырып

Саран: жылу қазандықтарының жайы қалай?

Биыл жылыту маусымы басталған уақытта Саран жұрты жылусыз қалды. Оның себебі, жылу қазандығынан шыққан ақау. ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа жылу қазандықтары бойынша сұрақ қойылды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңір басшысы өз сөзінде Сарандағы жылу қазандықтары жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

– Сарандағы орталық қазандықта бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Биыл жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда каналдар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысында сатып алынған жаңа сорғының қарқын көлемі бұрынғысына сәйкес келмеген. Соның салдарынан кемшіліктер орын алды. Сөйтіп, жөндеу жұмыстарын қайта жасады. Нәтижесінде, қазір екі қазандық жұмыс істеп тұр. Бір қазандық қаланың өз басындағы, яғни, 113 үйге жылу беріп тұр. Ал, қалған үйлер қаланың ішіндегі локалдық котельдермен отыр. Саранда Кеңес үкіметі кезінен бастап орталық қазандық болмаған. Сондықтан, орталық жылу жүйесіне қосу үшін жоспар ертеректе жасалған. Қазір сол жоспар бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Енді үшінші және төртінші қазандықтар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айда жұмыстар толық бітеді, – деді өңір басшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button