Бас тақырыпЖаңалықтар
Саран шахтасындағы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысының полиция департаменті Саран шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– «Саран» шахтасында болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда Саран шахтасында апат болып, кеншілердің үстіне тау жынысы құлаған болатын. Оқыс оқиғадан үш адам зардап шекті.
– Екі кенші үй жағдайында емделіп жүр, тағы біреуі стационарда. Жағдайы ауыр, қажетті медициналық көмекті алып жатыр, – делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының таратқан хабарламасында.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.