Ақтоғай

Сапалы қызмет – басты назарда

    Жуырда Ақтоғай ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен алғаш рет мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Мұндағы басты мақсат – қызмет алушыларға сапалы әрі қолжетімді жағдай жасау.

Кез келген  адам өз өмірінде қандай да бір мемлекеттік қызметті алуы һақ. Ал, оған қызмет алу кезінде қажетті жағдай жасау – жергілікті атқарушы органның басты міндеті. Сондықтан, мұндай тың бастама тұрғындар үшін ауадай қажет. Келушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, «Электрондық  үкімет порталы» арқылы қызмет алу тәртібі, ЭЦҚ алу сынды түрлі мәселелр бойынша қажетті кеңес ала алды. Жәрмеңкеге аудандық бөлімдер АХАТ қызметі және  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу Департаментінің Ақтоғай аудандық бөлімшесінің  қызметкерлері тартылды.

Тағы бір айта кетерлігі, электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді барынша электрондық түрде, яғни «Электрондық Үкімет порталы» «EGOV» арқылы алудың тиімділігін кеңінен насихаттау бойынша аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдық округ ғимараттарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылды. Яғни, ауыл тұрғындары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен ауыл әкімдігіне келіп, «Электрондық Үкімет порталы» «EGOV» арқылы қажетті құжатын алу мүмкіндігіне ие болды.

Айдана МҰҚАШЕВА,

                            аудан әкімі аппаратының бас маманы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button