Сала мамандарына – ілтипат

    Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күні мерекесіне орай, Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат ӘБЕУОВА аталған сала қызметкерлерін қабылдады.

    Бүгінде аудан бойынша 12 қызметкер 59 адамға үйлерінде қызмет көрсетуде. Осы мамандарды төл мерекелерімен құттықтаған аудан басшысы олардың еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Әрдайым мұқтаж жандардың бабын тауып жүрген сіздерге еңбекте толағай табыс, қызметте жеміс тілеймін, – деген аудан әкімі ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады. Өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Оңғарқұлов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Түсіпбеков еңбектерін елеген аудан әкіміне сала қызметкерлері атынан алғыс білдірді.

М.БЕЙБІТҚЫЗЫ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Ақтоғай ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.