АймақПриозерск

Сайлаушылар белсенді

Демократиялық өзгеріске жол ашатын қала аудан әкімдерін сайлау науқаны Приозерск қаласында белсенді жүріп жатыр.

Суреттер автордан

Шағын шаһарда 11 сайлау учаскесі бар. Учаскелерде санитарлық талаптар толық сақталып, бақылаушылар тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жөнінде Приозерск қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат Сәрсембеков хабарлады.

– «Әр ауыл қала өз әкімін өзі таңдап алады» деген Мемлекет басшысының сөзінен соң, қала халқы сайлауға бей-жәй қарамағандай көрінеді. Жұрт учаскеге келіп, белсенді дауыс беріп, сайлау қарқынды жүріп жатыр. 6534 қала тұрғын сайлау учаскелеріне тіркелген еді. Дәл қазір 44 пайыздан астам сайлаушылар дауыс берді. Сайлауға бүкіл жағдай жасалған. Мен Жаңа Қазақстан құру жолында үлесін қосып, дауыс беруге келген адамдардың көптігіне қуандым. Және бұл тек 50 және 60 жастағы адамдар ғана емес. Келушілер арасында 18 жастағы азаматтар да бар, мысалы, жақында ғана кәмелетке толып, сайлауға өмірінде бірінші рет келген жігітті кездестірдім. Бұл жастардың қаланың жағдайына алаңдап, өз болашағына ұмтылып жатқанын көрсетеді, – дейді Бекзат Сәрсембеков.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button