Ақтоғай

Сайлаушыларға кітап көрмесі ұйымдастырылды

Ақтоғай аудандық кітапханасы сайлау күніне орай сайлаушылар үшін кітап көрмесін ұйымдастырды. Сайлау учаскесіне келгендер көрмені тамашалауда. Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрме сайлаушыларға жағымды әсер қалдырған. Олар көрмені аралап, қажетті кітаптарды бірден жаздырып, оқуға алған.

– Бүгін сайлауда бұл науқанның маңызын арттыру үшін көрме ұйымдастырдық. Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі сайлаудың оң әсерін бергендігі туралы түсіндіру. Сайлауды оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау, – дейді кітапхана директоры Зәмзагүл Сәтекова.

Нұрдос КӘРІМ

АҚТОҒАЙ ауданы

Басқа материалдар

Back to top button