Ақтоғай

Сахи суреттері

Ақтоғай аудандық археологиялық-этнографиялық музейіндегі құнды дүниелердің бір парасы – суретші Сахи РОМАНОВТЫҢ қылқаламынан туған картиналар.

Қазақ КСР халық суретшісі, кескіндемеші жерлесіміз Сахи Романов – қазақтың бейнелеу өнерінде, кинематографиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлға.

Жасынан балалар үйінде тәрбиеленіп, туған ел, ағайынынан қол үзіп, жырақта өскен Сахи Романов өткен ғасырдың алпысыншы жылдары кіндік қаны тамған ата жұртымен қайта қауышады. Елге келген алғашқы сапарында суретші республикаға танымал бірегей туындыларын аудандық мұражай қорына сыйға тартқан. Музейдің бір қабырғасын алып тұрған «Қырық өтірік», «Күншығыс қақпасы», «Қайран шешем» туындылары бүгінде мұражай қонақтары мен Ақтоғай топырағына табаны тиген саяхатшылардың таңдана, тамсана тамашалайтын құнды жәдігеріне айналған.

Қазақтың тұрмыс салты мен төл тарихы бейнеленген Сахи суреттері ғасырды ғасырға жалғап, өткенімізден сыр шертер асыл қазынаға айналарына бек сенімдіміз.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button