АймақСаран

Сәулеттенген Саран

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Саран қаласы да сәулеттене түсуде. Осы аптада қаладағы гимназияның директоры бастаған мұғалімдері мен оқушылары аумақтарға гүл егумен айналысты.

Суреттер ұймдастырушылардан

Аталған білім ордасында балалардың экологиялық тәрбиесіне көп қөңіл бөлініп, оның лабораториясында алуан ағаш пен гүл тұқымдары өндіріліп, өсіріледі. Бүгінге дейін гимназия ұжымы қала аумағында бес мың тал гүл егіпті.

Оқушылар өздерінің туған қаласының алдағы 70 жылдық мерейтойына орай бұл жұмысты белсене атқарып жүр. Осы жолы олардың құлшынысын «Саят» пәтер иелерінің кооперативі мен волонтерлер қолдап, 1 а ықшам аудандағы 22, 23, 24, 25 үйлердің аулалары гүлмен көмкерілді.

Ержан ИМАШ,

САРАН

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button