Басты тақырыпҚарқаралы

Сұранысқа сай сауда орны

   Таяуда аудан халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған «Ұмсын» шағын дүкенінің ғимараты кеңейтілді. Жалпы көлемі 300 шаршы метр болатын аумақ жаңадан тауар түрлерімен толықтырылып, халыққа қол жетімді бағамен ұсынылды. Ауқымды жобаны іске асырушы – Бейбіт СЫЗДЫҚОВ.

Аталмыш дүкеннің ашылуына арнайы келген аудан әкімі Х.Мақсұтов халыққа қызмет көрсететін орындардың көптеп ашылуы бәсекелестіктің өрістеуіне ықпал ететінін айтып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, кәсіпкердің анасы А.Абдикова көздеген мақсатын жүзеге асырған баласы Бейбіт пен келіні Айгүлдің еңбекқорлығына ризашылығын білдірді. Тілеулес ардагер Ә.Әбеуов Сыздықов­тар отбасының еңбекқорлығын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.

Кең әрі жарық дүкенде балалар ойыншығынан бастап, басқа да керекті дүниелер сөрелерге қойылған. Білікті төрт сатушы қала тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button