ТОКҮО 2020
Руслан алғашқы айналымда жеңіске жетті.
Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан КУРБАНОВ алғашқы айналымда жеңіске жетті.
Курбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15-7 есебімен ұтты.
Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) – Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.