АймақАқтоғай

Өрт сөндіру станциясы ашылды

Республика күні қарсаңында Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылдық округінде Қызыларай орманшылығының Орман өрт сөндіру станциясы ашылып, елді мекендерді өрттен қорғау жұмысы күшейтіле түсті.

Салтанатты ашылуда тұрғындарды аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Амралин, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы Б.Санбаев және Шабанбай би ауылдық округінің әкімі А.Мурасов құттықтады. Лентасын қиып, құрылым мамандарына сәттілік тіледі.

– Ақтоғай орман шаруашылығының орман қоры – ­74 467 гектар. Оның 48 233 гектары орманмен қамтылған. Ұйымдар бойынша өсімін молайтуды қамтамасыз ету және ормандарды қорғауды, орман өсіруді қамтамасыз ету үшін 104 штаттық бірлік жұмылдырылған. Биыл шаруашылықтың техникалық паркі заманауи техникамен 70%-ға жаңартылды. Жеке құрам киім-кешекпен толық қамтамасыз етілді. Орман шаруашылығы қызметшілерінің жалақысы көтерілді. Біз өрт сөндіру бекеттерін құру арқылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Қабылұлы.

Телефон байланысы жұмыс істейді, сегіз қызметкер және өрт сөндіру автокөлігі бар. Жаңадан құрылған команда тек өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен бірге, аумақтағы өзге де төтенше жағдайларды жоюға қатысатын болады.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button