Ақтоғай

Ұрпақ саулығы – ұлт келешегі

   Ақтоғай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қолдайық!» тақырыбында тренинг өтті.

Аталмыш шараға аграрлық-техникалық колледж студенттері, оқушылар, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Е.Шарбеков, салауатты өмір салтын қалыптастыру, наркология, онкология кабинеттері өкілдері қатысты. Тренинг барысында қатысушылар салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, тазалық жайлы пікірлерін ортаға салды. Ақпараттар таратылып, бейнефильмдер көрсетілді.

Анар КӘРІМОВА,

аудандық жастар

ресурстық орталығының маманы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button