Ақтоғай

Құрметті «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы!

Сіздерді басылымның 85 жылдық мерейлі тойымен шын жүректен құттықтаймын!

«Орталық Қазақстан» бүгінге дейін талай қабырғалы қазақ журналистерінің қаламын шыңдап, қанаттандырған ұстахана іспеттес. Бұл қара шаңырақта қазақтың маңдайалды қаламгерлерінің қолтаңбасы қалған, айшықты ізі бар. Газет қазақ көсемсөзінің сапалық, мазмұндық деңгейінің артуына зор үлес қосты.

Алдағы уақытта да ел мүддесі жолында бірлесіп еңбек етіп, еліміздің көркейіп, гүлденуі жолындағы шығармашылық еңбектеріңізде толағай табысқа жете берулеріңізге шынайы тілектестігімізді білдіремін.

Басылым ұжымына шығармашылық табыс, береке-бірлік тілеймін!

Г.ЕЛЕУСІЗОВА,

Ақтоғай аудандық

«Тоқырауын тынысы»

газетінің бас редакторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button