Құрметті металлургия саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Металлургия өнеркәсібі біздің аймақ пен жалпы ел үшін үлкен маңызға ие. Күн сайын металлургтер, жұмысшылар мен инженерлер біздің экономикамыздың дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің әл-ауқатын арттыру жолында қажымай-талмай еңбек етіп келеді. Металлург мамандығы үлкен жауапкершілік пен қажыр-қайратты талап етеді.
Бүгін біз Қарағанды облысының металлургия кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген барлық азаматтар мен осы саланың дамуына еңбек сіңірген ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз.
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, барлықтарыңызға зор денсаулық пен бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.