Қарағанды

Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

    Сіздерді әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2011 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген еді. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектеріңізді, жүрек жылуын ұсынып отырған Сіздердей жандарға шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді.

Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.

Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Әрқашан аман-сау болып, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын.

Қарағандыда 500 адам әлеуметтік қорғау саласында еңбек етуде. Жыл сайын облыстық орталық тұрғындарын әлеуметтік қорғауға 3 млрд. теңге бөлініп отырады. Бұл игі іске қоғамымыздың өзге де өкілдері белсенді ат салысатынын айтпай кетуге болмас. Олардың қатарында Үкіметтік емес ұйымдар, медициналық мекемелер, ішкі істер органдары, бизнес өкілдері мен өзге де жанашыр азаматтар бар.

Құрметті сала қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұдайы даму үстіндегі қоғамымызға сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қажет-ақ. Өздеріңіз жылдар бойы, әр күн сайын атқарып келе жатқан бұл жұмыс үлкен құрметке лайық. Әлеуметтік қызметкер – бұл тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейірлі жан.

Қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендіктеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихаттың хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button