Қарағанды

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жыл сайын дәстүрлі түрде қазан айының басында Сіздерді, бізге үлкен өмірге жол ашқан, біздің дана тәлімгер-ұстаздарымызды және тәрбиешілерімізді мадақтаймыз. Әр адамның тағдырында мектепте оқыған жылдары өшпес із қалдырады.

Біз, әдеттегідей, Сіздердің мерекелеріңізді кәсіби деп атаймыз, бірақ бұл мерекені халық мерекесі деп атау әбден орынды, өйткені біздің әрқайсымыздың өмірімізде өз орнын алған мұғаліміміз болған.

Сіздердің кәсіптеріңіз ең құрметті және адами кәсіптердің бірегейі. Мұғалім – оңай кәсіп емес, бұл жауапты әрі абзал миссия.

Өздеріңіздің еңбектеріңізбен, күннен-күнге ғажап іс жасайсыздар – момын да ізденімпаз бірінші сынып оқушысын өз елінің азаматына және патриотына айналдырасыздар.

Жұмыстарыңыздың әр сағаты, әр минуты Сіздерден адами қасиеттерді, жан жылулығын және балаға деген шексіз махаббаттарыңызды талап етеді. Мұғалім бала үшін беделді тұлға ғана емес, досы болып табылады, оның жүрегінде адамгершіліктің үлгісі және еліктеу үшін үлгі болып мәңгі сақталады.

Өмір педагогтар үшін жоғары талаптар қойып келеді. Ал заманауи мұғалім, оқытудың жаңа құралдарын және әдістемелерін толық меңгерген кәсіби сауатты ғана емес, сонымен қатар қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістерді сезінуге міндетті тұлға.

Бүгінгі күнде, білім беру жүйесі түбегейлі өзгертулер үрдісі үстінде: білім беру мазмұны, оқытудың әдістері және формалары жаңартылуда.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», бағдарламасының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын, мемлекеттік тіл әліпбиін латын графикасына ауыстырудың бірегей стандартын енгізуде мұғалім жетекші рөл атқарады – өйткені мұғалім қоғамдағы басты ойшы болған және болып қала береді.

Мұғалім өзін – адамдарға білім және мейірім беретін, жастарға ақыл беретін, Қазақстанның дамуына жеке үлесін қосудың маңыздылығын сезінетін, елінің беделін әлемдік деңгейде нығайтуға ұмтылған болашақ патриоттарға тәрбие беретін тұлға ретінде сезінеді.

Қарағанды қаласында, қазіргі кезде 7 мыңнан астам педагогикалық қызметкерлер жұмыс жасайды, олардың көбісін, өздерінің жоғары кәсібилігіне, әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды әзірлеуге қатысқанына байланысты, сонымен қатар оқушыларының олимпиадалардағы және конкурстардағы жеңістері үшін барлық Республика біледі.

Осының барлығының астарында біздің мұғалімдеріміздің күнделікті және жауапты жұмыстары тұр, олар біліммен қатар жеке тұлғаның жақсы сапаларын қалыптастыру үшін жандарын береді.

Сіздердің қолдарыңыз бен жүректеріңіз арқылы мыңдаған балалар өтеді. Олардың бірқатары біздің қаламыздың мақтанышы болып табылады. Ол сіздердің еңбектеріңіз! Өйткені, сіздер оларға өздеріңіздің білімдеріңізді және тәжірибелеріңізді бердіңіздер, қиындыққа мойымауға, жақынға қолдау көрсетуге, достықты бағалауға үйреттіңіздер.

Оқушыларыңыз, Сіздердің көмектеріңізбен өз бойындағы дарынды қасиеттерін ашсын, сабаққа жақсы көңіл-күймен барсын, ал мектепті бітірген соң сіздердің қолдауларыңызды және жылы сөздеріңізді есту үшін, мейірімділік және даналықпен сусындау үшін туған қабырғаларына қуана қайтып келсін.

Құрметті педагогтар, балаларымыз үшін шексіз алғысымызды айтамыз.

Ұстаздарға және педагогикалық еңбектің ардагерлеріне бақыт және денсаулық, барлық жақсы идеяларыңыз бен ойларыңыздың іске асуына тілектеспіз!

Жүректеріңіз әрқашан қуаныш пен шаттыққа бөленіп, жандарыңыз тек қана жасара берсін! Сіздерге бақыт және оқушыларыңыздың махаббатын тілейміз!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button