Қарағанды

Құрметті қарағандылықтар!

Біз 1 қазан күні күзгі ерекше мерекелердің бірі – Дүниежүзілік егде адамдар күнін өткізгелі отырмыз. Бұл күнідері біз соғыс және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлердің көпжылғы еңбегін бағалап, сонымен бірге республикамыздың дамуына, жас ұрпақтың тәрбиелеуіне қос­қан елеулі үлестерін ескере отырып, өзіміздің жылы лебізімізді, алғысымызды білдіреміз.

Өмір тәжірибесі мол ардагерлер қауымы еліміздің өткен және болашақ шақтарын байланыстырып, халықтың мәдени, рухани мұрасын ұрпақтан­ұрпаққа жеткізуге өз көмегін аямай келеді.

Бүгінгі біздің міндетіміз – егде адамдарды қолдау, олардың лайықты  демалысын қам­тамасыз ету.

Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесі қаладағы қандай меншік нысаны болмасын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларын 1 қазан  күнінің қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеп, жылы қабылдау жасауларыңызды сұраймыз.

Жағдайыңызға қарай мұқ­таж болған адамдарға моральдық және материалдық жәрдем көрсетуді өтінеміз. Сіздің қайырымдылық көмегіңіз соғыс және соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығын бастан кешірген адамдарға ризалық білдіргеніңіз болып көрінеді.

Қала ардагерлеріне, егде адамдарға сарқылмайтын жі­гері мен халық абыройын жоғары ұстағаны үшін бас иеміз. Өмірлеріңіз ұзақ, бақытты, отбасыларыңыз аман-сау болсын!

Т.ЗЕЙНЕШЕВ,қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.                                                                          

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button