Жаңалықтар

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1995 жылдың 30 тамызында Бүкілхалықтық референдумда қабылданған жас еліміздің басты құжаты біздің өміріміздің басты іргетасына, біздің құқықтарымыз азаматтық бостандығымыздың сенімді кепіліне айналды. Конституция біздің халқымыздың ұлтаралық бірлікке, келісімге, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, нығайтуға деген ұмтылысын айқындайды.

Бірде Мемлекет басшысы Конституция қабылданған 1995 жылғы оқиғаларды біздің халқымыздың тарихи таңдауы деп танитынымызды айтты.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан адам танымастай өзгерді. Экономика өрлеу үстінде, қоғам дамуда, мемлекет әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналды. Қазір біз қол жеткізген жетістіктердің барлығы – Қазақстан Республикасының бас заңында негізі салынған принциптер мен қағидалардың жемісі.

Біз қарағандылықтардың берекелі және гүлденген мемлекет құрудағы ортақ іске қосқан үлесіне тоқталғымыз келеді. Біз әр күні бұл іске адал еңбегімізбен, білімге ұмтылуымызбен, отандастарымызға құрметпен қараумен және заңды талаптарын орындаумен үлес қосып келеміз.

Әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз – туған республикамыздың бас құжатын біліп, құрметтеу, онда айтылған нормалар мен құндылықтар бойынша жұмыс істеу.

Конституцияда көрсетілген қағидаларға сүйене отырып, біз кез келген сынақтан абыроймен өте аламыз. Келешекке сеніммен қарап, кез келген тапсырманы табыспен шешуге мүмкіндігіміз мол.

Бұл мереке күні сіздерге бейбітшілік пен мейірім, Қазақстанды өркендету жолындағы барлық істе табыс тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button