Жаңалықтар

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Сіздерді Астана қаласындағы Қарағанды облысының мәдениет күндеріне арналған әсерлі де жарқын іс-шараларды тамашалауға шақырамыз!

Мәдениет күндері 2017 жылдың төртінші және тоғызыншы қыркүйегі аралығында «Астана ЭКСПО – 2017» Халық­аралық көрмесінің аясында өтеді.

2017 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 15.00-де Этно-ауылдың концерт алаңында өңірлердің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сіздерді «Қоянды жәрмеңкесі», «Бауырсақ-шоу», «Қымыз-шоу» театрландырылған қойылымдары, «Өнер көзі – халықта» атты кең ауқымды фольклорлық бағдарлама, спорттық іс-шаралар, сыйлықтар және тағы да басқалар күтеді.

Ал, 6 қыркүйекте сағат 21.30-да «ЭКСПО – 2017» амфитеатрында Қарағанды облысының мәдениет пен өнер жұлдыз­дарының Гала-концерті өтеді. Сіздердің алдарыңызда ең үздік өнер ұжымдары мен орындаушылар, Қарағанды аймағының танымал әртістері, қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Қарақат Әбілдина, Ерлан Көкеев пен «К-7» тобы, Жәмілә Баспақова және басқа әртістер  өнер көрсетеді.

Келіңіздер, көріңіздер! Қызықты да танымдық мәдени шаралардан құр қалмаңыз­дар!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button