Ақтоғай

Құрмет құшағында

Денсаулық күзетіндегі тәжірибелі маман, акушер-гинеколог Күләш РӘШЕВА – көпшіліктің құрметіне бөленген жан.

Медициналық институтты бітірген жылы еңбек жолын сол кездегі Целиноград облысынан бастады. Бұл күнде өз ісін жетік меңгерген ақ халатты абзал жан жас мамандарды тәрбиелеп, ұстаздық етуде. Қырық жылға таяу еңбек тәжірибесі бар Күләш Бақытқызы еліміздің денсаулық сақтау саласының үздігі, еңбек ардагері төсбелгісінің иегері, отбасында үлгілі ана.

Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Күләш Бақытқызына еңбегіңіз жемісті, отбасыңыз аман болсын дейміз.

Суретте: еңбек ардагері Күләш РӘШЕВА.

Суретті түсірген: Манаргүл МҮТӘЛІП.

 

Басқа материалдар

Back to top button