Жаңалықтар
Әріптесіміздің бағы жанды
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Күннен туған, ғұннан туған Мағжан!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасында газетіміздің тілшісі, ақын Ерік Нарын бас жүлдеге ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен ақын Ерік Нарынның өлеңдері бас жүлдеге лайық деп танылды.
Ерік – бұған дейін де облыстық, республикалық жыр додаларында биіктен көрінген жас ақын. «Мөр» кітабының авторы. Жас талант – Жазушылар одағының мүшесі.
Әріптесіміздің қаламына қуат тілейміз.