Жаңалықтар

Республика даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары алдағы күндері аяқталады

Қарағанды қаласы Республика даңғылындағы жолдың бір бөлігі кешеден жабық. Қоғамдық көліктер айналма жолмен қатынауда. Сондықтан да, тұрғындар Кувская көшесіндегі аялдамаға баруға мәжбүр.

Жол

Бірақ, Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Григорий Ботнарь алдағы демалысқа дейін жол ашылатынын мәлімдеп отыр.

– Жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Тұрғындар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ. Қоғамдық көліктер де айналма жолмен еш кедергісіз жүріп жатыр, – дейді Григорий Викторович.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button