Бас тақырыпЖаңалықтар

Референдумға дайындық барысы талқыланды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 13 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Сурет: Aikyn.kz

Мәулен Әшімбаев әріптестерін Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жолында күш біріктіруге және 6 қазанда өтетін референдум аясындағы түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды. Бұған дейін сарапшылар атап өткендей, атом электр стансасын салу елдегі электр энергиясының тапшылығын жоюды көздейді.

«Мемлекет басшысының бастамасымен 6 қазанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Осыған байланысты құрылған республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Осы маңызды іске Сенат депутаттары да белсенді жұмылдырылады»,- деді палата Спикері.

Айта кетейік, алдағы жұма күні болатын Сенат отырысында депутаттар «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Бұл құжаттың нормалары ұйымға мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыруға және мерзімдерін қысқартуға бағытталған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button