«Рамазан қоржыны» үлестірілді
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті мен «Бірлік» қайырымдылық 100 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді.
Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік салынған қоржын үлестіріп, Рамазан айымен құттықтады.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асқан шара Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айының соңына дейін жалғаса береді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz