Аймақ

Пришахтинск тұрғындары екі күн қатарынан ауыз сусыз отыр

Кеше «Қарағанды Су» ЖШС мамандары Пришахтинск шағынауданындағы бірнеше мекенжай бойынша суық судың болмайтынын хабарлаған. Апаттық жағдайларға байланысты су бірнеше сағатқа ғана тоқтатылатынын айтып, Instagram желісінде жазба қалдырды.

Пришахтинск

Атап айтсақ, 21 шағынауданда су қысымы төмендеген. Ал, Луначарского көшесіндегі №1 үйдің ауласында диаметрі 800 мм болатын су құбырында апат болған. Мамандар кеше таңертең суды тоқтатып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Су 22:00-де берілетіндерін де жеткізді. Алайда, шағынаудан тұрғындары судың әлі берілмегендігін айтуда.

– «ҚарағандыСу» қызметкерлері судың болмайтынын тек Instagram желісінде ғана жариялады. Біз оны көрмей, су қорын жинап үлгермедік. Мекеме қызметкерлеріне хабарласып сұрадық. Олар бізден кешірім сұрап, шұғыл апаттың болғанын айтты. Сол күні кешкісін берілетін су бүгін түсте ғана қосылды. Бірақ, бірнеше сағаттан кейін суды тағы тоқтатып тастады. Бүгін тағы сусыз отыратын сияқтымыз, – дейді Динара есімді тұрғын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button