Президет Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

Министрдің қызметтен босатылуы 24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиғадан кейін орын алды. Ақтаудан 43 шақырым жерде ауа райының күрт бұзылуы салдарынан «Қайсар» әскери катерінен жағаға түсірілген 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен.
Оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қайтыс болып, үшеуі аман қалды. Осыдан кейін 25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес жоғары және аға офицер қамауға алынды.
Ресми жарлықта Қосановтың қызметтен босатылу себебі нақты көрсетілмеген.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



