Білім

Президенттен хат алды

Е. Бөкетов университетіндегі Заң факультетінің студенті Унзила Берденоваға Мемлекет басшысынан хат келді.

Унзила Мемлекет басшысына жолдаған хатына жауап тез келеді деп ойламаған. Хатында Президент тарапынан жастарға көрсетіліп отырған қолдау жөнінде айтқан. Сондай-ақ, елдің өркендеуі мен жастардың жағдайы жайлы баяндаған.

– Хатта Президентімізге ізгі тілегімді білдіріп, қазіргі таңда жастарға берілген мүмкіндіктер мен құқықтық мемлекетті дамытып отырғаны үшін алғысымды айтып, қолдау көрсеткен болатынмын. Менен басқа миллиондаған адам Мемлекет басшысына хат жазады, соның ішінде, менің хатымды оқып, әрі оған жауап береді деген ой тіптен болмады. Жауап хатты қолыма алғанда қатты толқыдым, – дейді Унзила Берденова.

Бөкетов университетінің үздік студенті әр адамның үні Президентке жететініне сенімі арта түскенін айтады.

Аяулым СОВЕТ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button