Білім

Президент олимпиадасының үздіктері анықталды

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 198 оқушы өзара үздікті анықтады. Зияткерлік жарыстар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығының жоспарына сәйкес «Сарыарқа Дарыны» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21-24 қараша аралығында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті. 

Олимпиада қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломдары және алтын медальдарымен, 15 жүлдегер II дәрежелі дипломдары мен күміс медальдарымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломдары және қола медальдарымен марапатталды. 

20 жеңімпазға оқуға білім беру гранттары табысталды: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 10, «Тұран» университеті – 3, Alikhan Bokeikhan University – 5, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 2. 

Сонымен қатар, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аталған оқу орнына түскен жағдайда арнайы шәкіртақы тағайындайтынын хабарлады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button