Жаңалықтар

Полицейлердің жұмысындағы басты кедергілер қандай?

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев тәртіп сақшыларының жұмысын оңтайландырудағы басты кедергілерді атады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

– Қазір қоғамның полициядан күтері мол. Сұраныс пен талапқа сай болу – біздің міндет. Дегенмен тиісті жұмыс жағдайы жасалмаса, нәтижеге қол жеткізу қиын. Осы орайда полицейлердің қызметінде проблема аз емес. Атап айтқанда, тұрақсыз жұмыс кестесі, демалыссыз қызмет атқару, артық есеп, жұмыстың нәтижесі белгілі бір көрсеткіштермен шектелуі, төмен жалақы, көлік және техниканың жетіспеуі секілді проблемалар баршылық, – деді Марат Қожаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған факторлар тәртіп сақшылары ұжымының моральдық жағдайына кері әсерін тигізеді.

– Мұндай жағдайда сервистік модель туралы айту – ақылға сыйымсыз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ескі ғимаратта, төмен айлықпен, күн-түн демей, демалыссыз қызметте жүрген, шаршап-шалдыққан қызметкерден «сыпайы бол, ызаланба, мейірімді бол» деп талап ету оңай емес. Сондықтан, полиция қызметі қоғам сұранысына сай болуы үшін еңбек жағдайын жақсарту бойынша шұғыл және жүйелі шаралар қабылдау қажет, – дейді ол.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button