Осындай атаумен кеше Теміртау қаласында өткен іс-шара қала көшелері мен аула, алаңдарында пластик ыдыстардың бейберекет шашылып жатпауын көздейді. Сол үшін қалада осы жиналған ыдыстарды жинап, тапсыратын 5 нүкте ашылып, олардың бүтін, қақпағымен және таза болуы талап етіледі.
Бұл шара қала тұрғындары арасында қызу қолдау тауып,таңертеңгі сағат 10 мен кешкі 5 аралығында олар кезекке тұрып,жинаған пластик ыдыстарын сол нүктелерге апарып,тапсырып жатты. Егер ол 10 ыдыс тапсырса,есесіне бір балмұздақтан тегін берілді.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ