Ақтоғай

Перзенттік пейілмен

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басты ұстаным еткен Сарышаған кентінің азаматтары игілікті істерге ұйытқы болды. Жаз айларында көл жағалауын абаттандырып, ауыл тұрғындары мен қонақтардың демалуына жағдай жасады.

«Ердің ісі – еліне» демекші, ауыл азаматтары – Шынтас Базарбайұлы, Жамбыл Бүркітбайұлы, Фархат Өмірзақұлы, Қуат Саятұлы, Сағидолла Зәкенұлы, Әлихан Сағидоллаұлы, Жандос Аманғалиұлы, Иса Тілегенұлы, Шынболат Бүркітбайұлы, Сейфолла Зәкенұлы, Бейбіт Шынтасұлы, Мейрамбек Сейфоллаұлы ауыл ортасын кесіп өтетін бір шақырым жолға 80 «КамАЗ» топырақ төсеп, көтерме жол жасады. Ауыл ақсақалдары, теміржол саласының ардагерлері Мырзағали Қожантайұлы мен Молдабай Тойымбеков осы жұмыстардың басы-қасында жүріп, басшылық жасады.

Қажетті техникамен қам­ты­ған «УПЧ-48» мекемесінің басшысы Тал­ғат Сүгірбайұлына, Асхат Бейсембайұлы мен Шынболат Бүркітбайұлына, теміржол вагондарына техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Сейфолла Зәкенұлына ауыл тұрғындары дән риза.

Қуандық МАҚСҰТҰЛЫ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button