Білім

Педагогтар мектеп директоры болуға неге құлықсыз?

Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша 80-нен астам мектеп директорлығының орны бос тұр. Мамандар неліктен бұл лауазымнан бас тартады? Білім ордалары басшыларының ротациясы қалай жүргізілді? Осы және өзге де сұрақтарға Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова облыстық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында жауап берді.

Облыстың бас ұстазының айтуынша жаңа оқу жылының басталуы 34 апталық курсқа көшумен ерекшеленген. Қолданыстағы Заңға сәйкес, мектеп басшысы енді өз қызметін 7 жылға дейін атқармақ.

– Мәселе жалақыға қатысты емес. Қазір менеджерлердің жұмыс істеуі қиындап кетті. Сын айтатындар көп. Сондықтан мамандардың басым бөлігі бұл лауазымды атқарғысы келмейді. Қарапайым мұғалім болған дұрыс деп есептейді. Бұрын директорлар тек мұғалімдермен және балалармен ғана жұмыс істесе, қазір жұмыстың түрлері көбейіп кетті. Сонымен қатар тексерістердің көптігі де кері әсерін тигізуде. Мектептерді үнемі тексерудің қажеті жоқ, білім сапасына көңіл бөлу керек, – дейді Гүлсім Шабданқызы.

Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы мектеп директорлығынан басқа орыс тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, математика пәні мен бастауыш сынып мұғалімдеріне де жетіспеушілік бар екенін атап өтті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button