Отанды сүйген ұландар

Әскери патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығын арттыру мақсатында Ақтас кентінде әскери айлық басталды. Мақсаты – өскелең ұрпақ бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, жауынгерлік тәлім-тәрбие беру, бұқаралық қорғаныс тәсілдеріне баулу. Мектеп оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың майдан даласындағы жауынгерлік ерлігімен танысты.

Сәуірдің 7-нен мамыр айының 7-сі аралығында өтетін дәстүрлі айлықта Қарулы Күштердің жетістігі, жауынгерлердің Отан алдындағы жауапкершілігі, ерлік тарихы, Отан алдындағы азаматтық борыш жайлы оқушыларға құнды мәліметтер беріледі. Басты мақсат – азаматтық ұстаным, елге-жерге деген сүйіспеншілік, жалпыға ортақ тәртіп, мектеп қабырғасында сапалы білім алуға деген талпыныс, бала бойындағы батылдықты шыңдау, психологиялық төзімділік, дене шынықтыруға шыдамдылық, мұғалім берген тапсырманы уақытында орындау секілді маңызды міндеттерді ұғындыру.

– Ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Отанымызды, елімізді, жерімізді, сеніп тапсыратын келер ұрпақтың патриоттық сезімін нығайтатын мұндай айлықтың өтуі көңіл қуантады, – дейді 44803 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Рамазан Бақтияров.

Аталған әскери патриоттық шараны ұйымдастыруға Ақтас кентіне қарасты 44803 әскери бөлімімен қатар 85510 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Сағыныш ӘБІЛ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.