Қос мерекені қамтыған кітапхана түні
20 сәуір күні сағат 19:00-22:00 аралығында кітапхана ғимаратында кітапханашылар күнімен Ұлттық кітап күніне орай «Кітапханадағы түн – сиқырлы әлем» деген тақырыпта кітапхана түні барлық топ арасында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты кітапханамыздың жұмысымен таныстыра отырып, кітапханашылар мен кітаптың беделін оқырман арасында арттыру; кітапхана жұмысын жан – жақты таныстырып, кітап оқуға баулу.
Шара коворкинг залында бастау алып, барлық залдарда жалғасын тапты. Ең алдымен қуанышты хабармен өз шарамызды бастадық: «Қазақстанда КІТАПХАНАШЫЛАР күнін атап өту тәртібіне өзгеріс енгізілді, кәсіби мерекеміз 23 сәуірге белгіленді. Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнімен сәйкестендірді. Бұл тегін емес кітапты сақтап, халыққа кітаптың маңызы мен пайдасын айтып халықты оқуға шақыратын кітапханашылар емеспе, осылайша бір күнге тоғысуы оның мән-маңызын арттыра түсіп, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орны ерекше екенін айқындалып отыр»-деген сөздермен бастап, елімізде қанша кітапхана барына тоқталып, олардың атқарар жұмыстарын айта отырып 73 миллионға жуық кітап қорын сақтап, оқырмандардың білімдерімен біліктіліктерін арттырып келе жатқан кітапханашылар екеніне тоқталдық. Сонымен қатар Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінетіні де айтылды. Оқырмандарды Ұлттық кітап күнімен құттықтай келе, «Хронолет ойыны» ойынымен оқырмандар арасында миға шабуыл жасап өттік. Сосын кітапханадағы кітаптарды сөйлету жұмыстары басталды: «Кітап жайлы мақал-мәтелдер: даналық қазынасы» жалғасын табу жарысы, «Көркем фильмдерге негіз болған кітаптар»-фильмдерден үзінді көрсетіп, қай кітап сюжетінен түсірілгеннін анықтау, «Әдеби анаграмма» -қате қойылған әріптерді орнына қойып, кітаптар мен жазушылардың аттарын табу, «Мені тап»-/жазушы мен ақындар туралы деректер арқылы сол ақындармен жазушылардың есімдерін табу/. «Қанатты сөздер: даналықтың қазынасы» қазақ әдебиетінен «қанатты сөздер» қай шығармадан алынғаны және авторын табу жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, оқырмандарды классикалық және заманауи әдебиетті насихаттауға, цифрлық технологияларды (QR-кодтар) пайдалану дағдыларын дамытуға және оқу мәдениетін қолдауға бағытталған «Құпиялы кітапты тап!» атты интерактивті іс-шарасы жалғасын тапты.
Кітап сөресінде көркем проза мен поэзия туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Әр кітапқа шифрланған тапсырмасы бар бірегей QR-код бекітілді. Қатысушылар кодтарды сканерлеп, шығарма мазмұны немесе авторлардың өмірбаянына қатысты сұрақтар алды, содан кейін кітапты өз бетінше анықтап, оны сөреден тауып алуы тиіс болды. Оқырмандар қызыға қатысып, өз телефондарымен сканерлеп өз логикасына сүйене отырып, шығарманың авторы мен атауын анықтап, көрмеден тиісті жинақты табуып шифрланған өлеңді мәнерлеп оқып беріп отырды. Көрмеде-М. Әуезов «Абай жолы», О. Сүлейменов «Азия и Я», Қ. Жұмаділов «Тағдыр». Ф. Тютчев, А. Пушкин, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев т. б. болды. Шара соңында «Кітап – білім бұлағы, кітапхана қазына – ордасы» атты «білгенге маржан ойыны» ойнатылды. 5 бөлімнен тұрды: I бөлім: Қазақстан кітапханалары, II бөлім: Әдебиет, III бөлім: Әлемдік кітапханалар, IV бөлім: Танымдық сұрақтар, V бөлім: Әртүрлі сұрақтар. Барлық шара барысында жауап берген қатысушыларға житондар таратылып, шара соңында, житон санымен жеңімпаздрды анықтадық. Житон саны бойынша 9 сынып оқушысы Тілеубек Ақжол-20 житонмен алға шықты, Токарев тірек мектебінің орыс тілімен орыс әдебиеті мұғалімі Бойка И. Н. -18 житонмен және Дүнгенқызы Гауһар -15 житон жинап өз білімдерін көрсетіп алға шықты. Қалған қатысушылар да өте жақсы жауап беріп кітапханадан сыйлықтар алып қайтты.
Гаухар СҮЛЕЙМЕНОВА
Бұқар жырау ауданы



