Ресми

ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне 1,5 млн. теңгеден алады

Жеңіс күніне облыстағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден төленеді. Бүгінде өңірде 14 ардагер тұрады. Біржолғы материалдық көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттарға көрсетілетін болады.

Сурет: massaget.kz

Кәмелетке толмаған кезде концлагерьлердің тұтқыны болған 38 адамға 100 мың теңгеден төленеді. Ленинградта блокада кезінде жұмыс істеген 11 қарағандылық 60 мың теңгеден алады. Көмек алушылар арасында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 4138 тыл еңбеккері мен 161 жауынгердің жұбайы бар. Олар 30 мың теңгеден алады.

Биыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 78 жыл толады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button