Жаңалықтар

Қоржында 90 ұпай

     «Сарыарқа» командасы аптаның басында Жоғары хоккей лигасының кезекті турында Санкт-Петербургтің «Динамо» командасын жерлестерінің алдында жерге қаратты. Өзге елдің мұз айдынында айшықты ойын өрнегін көрсеткен «Сарыарқа» «Динамоны» 1:4 есебімен ойсырата жеңді.

Бірінші кезеңде қарағандылық Артур Сарваров пен санктпетербурлік Сергей Шестаков бір-бір шайбадан соқты. Екінші кезеңнің жиырмасыншы минутында алаң иелерінің қақпасынан «сарыарқалық» Олег Ломако саңылау тауып, шайба салды. Ойынның үшінші бөлігінде қарағандылық қос оғлан Михаил Анисин мен Олег Ломако қарсылас командаға мүмкіндік қалдырмай қос шайбамен есеп­ті еселеді.

«Сарыарқа» командасының келесі қарсыласы Балашихалық «Динамо» командасы.

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасының турнир кестесінде Өскеменнің «Торпедо» командасы 93 ұпаймен алдыңғы орында. Ал, «СКА-Нева» командасы мен «Сарыарқа» хоккей клубының жинаған ұпайы тең. 90 ұпай. Соғылған шайба айырмашылығына сәйкес, «Сарыарқа» командасы турнир кестесінің үшінші сатысында.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button