Спорт

Қоржында – 4 ұпай

Футболдан Ұлттар лигасының ІІІ турында Қазақстан мен Албания құрамалары кездесті. Алматы қаласында өткен тартысты бәсекеде отандастарымыз қарсыласынан айласын асыра алмады. Есеп – 0:0.

Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстан мен Албания бұған дейін 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде кездескен. Екі ойын да Албанияның жеңісімен (0:1 және 1:2) аяқталған-ды.

Бұл ойынның алғашқы таймында қос команда мінез көрсете білді. Алайда, ойыншылар қақпаға допты дәл бағыттай алмады. Бірінші тайм қорытындысы бойынша төрт «сары қағазды» теңдей бөлісті. Екінші таймда қарсылас команда шабуылын күшейтсе де, таблодағы көрсеткіш өзгермеді.

Албания, Литва, Беларуссия мен біздің ұлттық құрама С4 тобында доп тебетінін бәріміз білеміз. Ел командасы Албаниямен кездескенде, литвалықтар өз алаңында беларусьтерді қабылдады. Бұл құрамалар да тең ойнады. Нәтижесінде әр командада 4 ұпайдан. Сондықтан, келесі турда кез келген команданың топ бастауына мүмкіндік бар.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button